Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Линдсей Лохан Исламды қабылдады ма? (фото)

Линдсейдің осы әрекеті “актриса Исламды қабылдады” деген хабарламаның таралуына себеп болды. Актрисаның өз өмірінде болып жатқан оқиғаларға деген көзқарасын білдіретін сұхбатын табудың бізге сәті түсті. Негізінде оған не болғаны туралы тақырыпты пайымдаудан аулақпыз, тек  оның бір түрік телеарнасында сөйлеген сөзінен үзінділер келтіреміз.

Линдсей Лохан, Голливуд актрисасы: «Штаттардағы соңғы он жылда менің өмірімде әртүрлі драмалы оқиғалар орын алды. Маған қазір Лондонда тұратын Сауд Арабиялық жақын достарым әрқашан қолдау көрсететін. Олар маған Құранның бір данасын сыйға тартты. Мен оны оқып, үйрене бастадым әрі өзіммен бірге Нью-Йоркке алып келдім. Бұл кітап маған үйлесілімділік пен рухани мағынасы мол, мүлде өзге дүниенің есігін ашты. Бұл — шынайы мен едім.

Папарацция мені қолымдағы Құранмен фотоға түсіріп алған, Құранды ұстағаным үшін ғана мені қоғам сөгіп, мені қаралап көрсетуге тырысты. Өзімді Нью-Йорктен Лондонға кетіп қана бақытты сезіне бастадым. Өз Отанымда қалу мен үшін қиын болды. Осының бәрі — Құранды оқып, білгім келетіндігімнен туған өз тілегім еді. Мені фотоға түсіріп жүргендерінен хабарым жоқ болатын, бұл баспа үшін жасалмаған еді. Осы оқиға көптеген адамдардың үнемі осындай жағдайларға тап болатындығын түсінуге көмектесті. Мысалы үшін, неліктен хижаб киген әйелге өзгеше түрде қарайды, өзім де осындай жағдайды бастан өткердім.

 

Әлгі бір әйелдің (бұл жерде лагерьден қашқан босқын әйел сөз болып отыр – ред.ескертпесі) Түркияда менің басыма орамал таққанын өзіме бір ерекше абырой көрдім. Өйткені мен ол үшін бейтаныс адам болсам да, ол маған өз мәдениетінің бір бөлігі болуыма рұқсат етті. Мен оған: “Маған сіздің орамалыңыздың түсі ұнайды», – деп едім, ол өз орамалын маған сыйға тартты. Мүмкін оның бар-жоғы екі-ақ орамалы болған шығар, бірақ біреуін ол маған сыйлады. Сол кезде мен өзіме былай айттым: мені мүлде білмей тұрып, бұл әйел өзіне сондай қымбат нәрсесін маған сыйға тартқандықтан, мен бұл орамалды шешпеймін. Бірақ БАҚ, қашанда солай, бәрін бұрмалап көрсетті, не үшін орамалды таққаным ешкімнің қаперіне де кіріп шықпады, бәрінің ойы шулы тақырыптарда ғана болды, мұның бәрі өткенде Құранмен болған жағдайдай болып шықты.

Білесіз бе, менің жасым қазір 30-да, өз өмірімді дұрыс арнаға салуым керектігін жете түсінемін. Күн өткен сайын өз өмірімнің қалай өтіп жатқанын бақылағым келеді…»

 

Линдсей Лоханның Исламды қабылдады деген хабарламалар әлеуметтік желілерде оң көзқарасқа да ие болды. Фейсбук қолданушылардың бірі былай атап өткен екен:  «Бұл ол үшін жақсы… Ол тыныштыққа кенеледі». Басқа бір қолданушы Крейг Макдональд былайша түсінік берген: «Егер Ислам оған салауатты өмір салтын табуға әрі сақтап қалуға көмектессе, онда бұл расында ғажайып бір оқиға болмақ».

Өз кезегімізде, біз де актрисаға арналған игі тілектерге қосыламыз. Линдсей Лоханның өмірінде талай шырқаулар мен құлдилаулар болған, бірақ бұл қыздың ақиқат туралы ойлануы бізді қуантпай қоймайды. Алла Тағала оған және басқа да ақиқатты іздеушілерге,  ақиқатты тауып, Жаратушының разылығында болуға нәсіп етсін деп тілейміз… Әмин!

 

Дереккөзmuftyat.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз