Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Лифтідегі қайғылы оқиға: Журналистің қайтыс болу себебі анықталды

Айыптау қорытындысына сүйенсек, журналист Айзат Әбдісамат қаза болған лифт жөндеуден өткенімен, техникалық қауіпсіздік ережелері мүлде сақталмаған. Ал жәбірленуші кеудесі қысылып, ауа жетпеуінен жан тапсырған.

«Сот-медициналық сараптама қорытындысына сүйенсек, Айзат Әбдісаматтың өлімі кеуде тұсының қысылуынан болған. Ауыр дене жарақатын алып, көп қан жоғалтты, ауа жетпеді.

Айыпталушы Кенен Жанабеков өз міндетіне алған жұмысты тиянақты атқармаған. Жарылқасын Ақжанов бір реттік жөндеу жұмыстарына тартылған.

Олар ауызекі тілде келісіп, келісімшартқа отырмаған. Жөндеу жұмыстары кезінде өз ісіне салғырт қарап, қауіпсіздікті ескермеген»,- деді прокурор Асхат Сәрсенбаев.

Айта кетейік, сот отырысы кезінде қаза болған Айзат Әбдісаматтың күйеуі Қайыржан Ерқасымов болған оқиға туралы айтып берді.

«Сол күні жұмыстан келіп, лифтіге мінгім келді. Бірақ лифт жұмыс істемей тұрды. Екінші қабатқа көтерілгенімде адамдардың лифтінің жанында тұрғанын көріп, баланың жылаған даусын естідім. Әйелім қабаттар арасында қыстырылып қалып, ілініп тұр екен. Сол кезде қызымды шығарып алып, пәтерге апардым.

Кейін келген кезде Айзатты лифтіден алып шыққанын көрдім. Мен қызымды ауруханаға апарып, дәрігерлерге қараттым. Болған жағдай осы. Негізі үйдегі лифт жиі бұзылады. Жөндеп жүрген адамдарды көрген емеспін. Бірақ біз ай сайын қызмет көрсетуге ақша төлеп тұрдық»,- деді Қайыржан Ерқасымов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз