Ақтөбе қалалық сотында сотталушы лифт жөндеуші-электрик Жарылқасын Ақжанов жәбірленуші тараптан кешірім сұрап, өзінің кінәсіз екенін айтты.
“Мен өзімді кінәлі деп санамаймын. Ал моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге төлеп беруге жағдайым жоқ. Менің мұнша ақшам жоқ. Қолымнан келгенше көмек көрсете аламын”, – дейді Жарылқасын Ақжанов.
“Мен оларды кешіремін. Десе де сотталушылар сол күні келіп, көңіл айтып, кешірім сұраса болар еді. Алайда олар тек 7 ай өткеннен кейін үйіме келді”, – дейді марқұмның анасы.
Еске сала кетейік, 4 сәуір күні Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінде журналист Айзат Әбдісамат лифтке қысылып, көз жұмды. Тележүргізушімен бірге оның үш жасар қызы болған.
Куәгерлердің айтуынша, лифт алтыншы қабаттан төмен түскен лифтінің есігі қайта-қайта ашылып қала берген. Есік жартылай ашылған шақта бүлдіршін сыртқа шығуға талпынған. Айзат қызының соңынан еремін деп ажал құшты. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған еді.