Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
3
USD
426
+0.41
EUR
495
+0.06
RUB
6.14
+0.08

Әлі үйсіз жүр! Алматыда қисайып қалған үйдің тұрғындары жаңа баспанаға әлі кірмепті

133

Алғабас-6 ықшам ауданындағы жаңадан салынып жатқан бұл үйдің құрылысы 6 ай бұрын басталған. Осы қысқа мерзімде 9 қабатты нысандағы жұмыстар тоқсан пайызға аяқталыпты. Енді тек ішкі әрлеу жұмыстары мен инженерлік желілерді жалғау қалды дейді құрылысшылар. Дегенмен, апатты үйдің тұрғындары тәуелсіздік тойы қарсаңында мұнда көшіп келе алмайды. Өйткені «Астана құрылыс» компаниясы 16-шы желтоқсанға дейін үй пайдалануға беріледі деген уәделерін орындай алмай отыр.

Мейіржан Досанов, «Астана құрылыс» компаниясының бөлім басшысы:

-Уәде бергенде, өзі 1,5 ай кешігіп басталды. Егер кешікпегенде 16-шы желтоқсанға беретін едік. Енді 25-не береміз.

Құрылыс қарқынды жүріп жатқанымен, ол кезге де үлгере қоюлары екіталай. Дегенмен, ел алдында тағы ұятқа қалмас үшін мердігер мекеме бар жұмысшысын осында жауыпты. Яғни 200 ден астам адам қазір екі ауысыммен күндіз-түні тынбай еңбектенуде. Асығыс жасалса да, үйдің сапасына бұл жолы да шенеуніктер кепілдік беріп отыр.

Мұхамедғаріп Құрманғалиев, Алматы қалалық Құрылыс басқармасының басшысы:

-Қауіпсіздік талаптарына, сәулет және құрылыс талаптарына сай жұмыс істелуде. Ішкі әрлеу жұмыстары өте сапалы. Оны өзім де көріп шықтым. Жаңадан инженерлік желілер тартылады. Қосымша тұрғындардың алдында жасалған жөндеулерін осы жерге көшіріп береді. Өз есебінен жасайды құрылыс компаниясы.  

72 пәтерлі жаңа үй салуға Астана құрылыс компаниясы 790 миллион теңге жұмсапты. Осылайша мердігер сапасыз құрылыс үшін шаш етектен шығынға батып отыр.

Ал алты ай бұрын апатты деп танылған 136-шы үйдің іргетасын нығайту жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде мамандар қабырғасы 32 сантиметрге қисайған 9 қабатты нысанды түзетіп болдық дейді. Алайда Алғабаста әлі осындай үш нысан бар. Олардың барлығын алдағы жазға дейін қалпына келтіру жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз