Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Күйеуіңіз үйге аз ақша әкелді ме, сәйкесінше дастархан жайыңыз!

531

Табысты мол тапқан кезде дастарханды жайнатып қойыңыз. Балаларыңызға дәрумендерге дейін алып беріп, оларды қуыршақтай киіндіріп қойыңыз. Үйде ақша болса, отбасының өмір сапасы қалай арта түсетіндігін, өзінің де мейрамханадағыдай тамақ ішетіндігін көріп түсінсін.

Ешқашан пәтер ипотекасының бастапқы жарнасына, бизнесін бастауға ақша тауып беруге тырыспаңыз. Төркініңізден ақша алып беріп, күйеуіңіді жұмысқа тұрғызуға шенеунік ағаңызбен келісіп өзі ізденуі керек кезде жолын кеспеңіз. Ортақ мақсат қойып, бағытын көрсетіңіз. Үй, көлік, балалардың білімі секілді негізді мақсаттарды алға тартыңыз. Әкелген табысын онды-солды жұмсамай, үнемдеп, ақша жинай алатындығыңызды дәлелдеңіз. Үйде тамақ алуға ақша болмай, балаларыңыз құр рожки жеп отырса да, қозғалмай шыдаңыз. Амалын тауып балаларға манты жасап бермеңіз. Сабырлы болыңыз. Қай жағдайда да түбінде сабырлы әйел жеңіске жетеді. Балаларды аш қойып, қалай балалар үшін сабырлы болу керек дейсіз ғой? Баланың қамын әріден ойлау керек.

Сіз қазірден бастап азық табуға жүгірсеңіз, өмір бойы өзіңіз осы жүкті арқалап өтетін боласыз. Әйел емес, терминатор болып өтесіз. Және бір өкініштісі, әйел адамның өмір бойғы табысы, әдеттегі табыс тапқыш ерлердің табысынан анағұрлым аз. Ал қазір шыдап еріңіздің табыс табу потенциалын бір ашсаңыз, балаларыңыздың болашағын қамтамасыз еттім дей беріңіз. Мұндай амалдар жасауға еш ұялмаңыз. Бұл әйелдің айласы емес, ақылы. Бүкіл отбасын асырауға жететін қабілетіңіз бір өзіңізді асырауға жетеді, білемін. Мұның барлығы балалар үшін.

Ердің өзін еркек ретінде сезіне алу үшін. Сеніңіз, ердің алдында осының бәрі менің арқам деп шалқаю үшін денсаулықты құртқаннан гөрі “Осының бәрі әкелеріңнің арқасы” деп нағыз әйел ретінде тірегіңнің ығында уылжып өмір сүрген әлдеқайда әдемі.

Динара Болат

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз