Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Күйеуімді сатып алған жоқпын!”. Ақбота Керімбекова халық сынына жауап берді

310

“Көбісі “Ақбота күйеуін ақшамен сатып алыпты” деген сияқты айтып жатыр. Жақсы, жаман пікірлер жарыса жазылып жатыр. Менің асып-тасыған дүнием жоқ. Оған Алла куә. Алланың берген нәсібімен халықты қуанышымызға шақырып, сол нәсіптің арқасында өмір сүріп келемін. Анам мен балаларыма арнап екі үй тұрғыздым. Рауан өте әдемі жігіт. Көпшілік айтып жатқандай байлыққа қызықса, менен де бай, менен де әдемі жас қыздарға баратын еді. Сол себепті, ол менің дүниеме қызықты деп айта алмаймын. Өзі де осылай деп отыр. Өнерімді сыйлап, маған деген көңілі мен ниеті, бақытты қылуға деген тілегі деп білемін”, – дейді Ақбота Керімбекова.

https://kaz.365info.kz/bizdi-ymyttyn-ba-bakhytbektin-kharyndasy-ajarudan-teris-ajnaldy-foto-280718

Ал өз кезегінде күйеу жігіт үйінде өз қалағанын істейтінін айтып қалды.

“Бота – бірден бір қазақтың маңдайына біткен әншісі. Әркімнің пікірі бар болғандықтан, бұл әңгіме болуы керек. Кейде аузына келгендерін айтып жатқандардың да пікірлерін оқып қаламыз. Бірақ, ешкімге өкпе-ренішіміз жоқ. Тойды Ақботаны бақытты қылу үшін жасадық. Неге өткізбеске?! Ботаға басына фата киіп алуды да ұсынған болатынмын. Мен өзімнің қалағанымды істеп жатырмын және істейтін боламын. Бота басында “Той өткізбей-ақ қояйықшы. Халық шулап жүрер” деп айтқан болатын. Аллаға шүкір, бізде барлығы жақсы және жақсы болады”, – дейді Рауан Дәулетов.

“Келін әкелем” деген ұлының тілегін естіген ата-анасының бастарына жайт түскендей қабыл алыпты. Әсіресе, келінінің ұлынан сегіз жас үлкен болатынын білген сәтте.

“Балам той туралы айтқан кезде, әйелім екеуіміз көп ойландық. Ақбота – өмірдің баспалдақтарынан шыңдалып өткен қыз. Өзінің тірлігі туралы естіп-біліп жүрген соң, баламнан “Сен оған жақсы серік бола аласың ба? Екеуіңнің араларыңда балалар бар. Бала деген ойыншық емес. Сол себепті, сендердің бір-бірлеріңе деген сенімдерің орнықты ма?” деген секілді сұрадым. Бұл сауалды анасы да қойған болатын. Баламызға шектеу қоя алмаймыз. Өмір солардікі. Ақыры Ақботаны үйге алып келіп таныспақ болдық. Осылайша баламыздың айтқан тілегін орындауымызға тура келді”, – дейді әншінің қайын атасы Тілеген Дәулетов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз