«Қыз – елдің көркі», «қыз – қонақ», «қызы бар үйдің ырысы бар» деп жатушы еді ұлтымыз. Бірақ менің күйеуіме қыздарым қыз болып емес, көзіне «қаншық» болып көрінетін болды.
Соққыға жығылып, қан болып жататын менмін. Күйеуім бәр кінәні тек маған аударып қойған. Неге дейсіздер ғой, бәрін басынан бастайын:
Төртеуі де қыз еді. Алғашында Дархан қыздарын ойнатып, неше-түрлі сыйлық жасап, мәз болып жүретін.
Бесінші қызымыз дүниеге келгенде күрт бұзылды. «Әкеден жалғыз ұл едім. Бір атқамінер тумадың» деп тиісетін болды. Кейде жұмыстан ішіп келіп, мені ұрып тастап та жүрді.
Ол мені боқтап-ұрып жатса да, «басымыз жас қой, әлі-ақ ұл туып беремін» деп жұбатқан боламын. Басқа не істеймін?
Алла ұл емес, қыз беріп жатса, қайтемін. Кінәм не?
Сөйтіп жүріп тағы да жүкті болып қалдым. Шынымды айтайын, Алладан мен де ұл тіледім.
Бірақ олай болмады. УЗИ-ға Дархан ере барған. Ондағысы – іштегі баланың жынысын білу еді. Дәрігер Узиға салып ары тексеріп, бері тексеріп «қыз бала» дегенде Дархан жерге бір түкіріп шығып кеткен. Содан түн ортасында келді. Ішіп алған. Көзі қанталап тұр. «Ішіңдегі қызыңмен қоса құртамын» деп бір ұрып құлатты. Құлаған жерімнен тебе бастап еді, өсіп қалған қыздарым «әкелеп» шырылдап ара түсіп аман қалдым.
«Ұрпақсыз қалатын болдым. Мына қаншықтарың ертең көрінген еркектің артын жалап, өз жөндерімен кетеді. Мен не істеймін? Шаңырағым құлайтын болды. Саған бекер үйленіппін. Өкінемін. Үйден кет! Мыналарды қыңсылатпай алып кет. Басқа қатын аламын. Әне, жұмыстағы Қайраттың қатыны кеше егіз ұл туды. Соларға Құдай неге береді, маған неге бермейді?» деп есіктерді тепкілеп, кесе-тәрелкелерді шағып барып әрең басылды.
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-impotent-38-zhasynda-belsiz-bolgan-zhomarttyn-ajeli-281332
Ес біліп қалған қыздарым әкелері келгенде жым болып қалады. Әбден қорқып қалған секілді. Бес қызымды жетелеп үйден қазір-ақ шығып кеткім келеді. Бірақ қайда барамын? Кімге керекпін? Жалғызбасты болсам бір сәрі. Бес баламен қайда сиямын? Білмеймін.
Ал сүйіп қосылған күйеуімнің түрі анау.
«Сен қыз емес, болашақ жезөкшелерді өсіріп отырсың. Маған ұл керек. Ұл тумасаң үйден кет», деп күнде басыма әңгіртаяқ ойнататын болды.
Әлде күйеуіме «тоқал ал, бәлкім сол саған ұл сыйлар», деп айтсам ба екен?
Бірақ Дарханды басқа әйелмен бөліскім келмейді. Алайда ұл туып бермесем түбі ол менімен ажырасары анық. Не істесем екен?
https://kaz.365info.kz/balam-dep-zhyrgenim-ozgenin-balasy-eken-korshi-zhigittin-tragediyasy-290450
Асылай Құрманбекқызы