Бір қарағанда өмірім жаман емес. Құдайға қараған күйеуім бар. Бір ұл бір қызым бар. Қаланың ортасынан ойып тұрып алған үш бөлмелі пәтеріміз бар. Мен үйде, күйеуім жұмыста дегендей.
Бәрі де жақсы-ау, тек бір нәрсе ғана жетіспейтін сияқты. Ол – төсек қатынасы.
Қазір отызға келген келіншекпін. Көрші Айгүл айтқандай, түр десе түр бар, фигура десе фигура бар. Нағыз пісіп тұрған кезім. Алайда күйеуім оны елегісі келмейтін секілді. «Екі баланы туды. Сонымен болды», деп ойлайтын сияқты.
Амалсыз бойыма келіп қалған құмарлықты жастықты құшақтап басқан боламын.
Күйеуімнің менімен болғысы келмей, тайсақтай беретінінің себебі бар.
Оның ұлы мүшесі кішкентай. Шынын айтсам, алты-жеті сантиметрден аспайды. Содан болар, түк ләззат ала алмаймын.
Шыбын шаққан құрлы көрінбейді.
https://kaz.365info.kz/yjkelis-zhokh-ajelime-khanagattanbajmyn-khazakh-zhigiti-shyndygyn-ajtty-267953
Алғаш тұрмысқа шығып, отбасы болған кездерде жастықтың қызуымен байқалмаған екен. Енді сезіліп қалды. Өйткені балалар сәл өсіп, түнде жеке жататын дәрежеге жетті.
Ал түнде күйеуімен жеке жатқанда, денеңе денең тиіп жатқанда айран-асыр «ойнағың» келеді. Бірақ
төсек қатынасында айызың қанып, ләззатқа бөленбеген соң, қалғанының бәрі құр бекер дүние екен.
Менің құмарым қанбайтынын күйеуім де біледі.
Бір емес, бірнеше рет әлеуметтік желілерде жарнамаланып, «еркектің мүшесін» өсіреді, ұзартады деген неше-түрлі кремь, мазьдарды алып жағып та көрді. Бәрі бекер дүние екен. Тек ақша шашу.
Одан күйеуімнің мүшесі ұзарып, мен рахаттанып қалғаным жоқ.
Осылайша өмір сүріп жатырмыз.
Көрші Айгүлдің тілі «тым ұзын». Айтпайтын нәрсесі жоқ:
“Күйеуінің түрі анау шитиген. Жел соқса ұшып кететін сияқты. Қауқарсыз. Баласын туып бердің. Бағып жатырсың.
Енді оның «бес сантиметрлік» дүниесіне қарамай, қуатты бір еркек тауып алсаңшы. Әлі жассың. Сұлусың. Төсектің де рахатын көретін кез жетті ғой. Мен сен секілді сұлу, сымбатты болсам, ой-хой, талай еркектің қызығын көріп, шалқып жүрер едім. Рас айтам, бір мықты көңілдес тауып ал. Төсектің қызығын көр. Жастық шақ мәңгі тұрмайды.
«Оралыңның барында ойна да күл» деп, немесе «Гүл-гүл жайна, күл де ойна. Қыз–бозбала шағыңда», деп қазақ бекер айтпайды. Жастық шағыңда жүріп-күліп қал. Ертең кеш болады”,
– деп арандатып қояды.
Кейде осы Айгүлдің айтқаны да дұрыс па деп қаламын.
Бірақ қазақы тәрбие көріп өскендіктен бе, күйеуімнің көзіне шөп салып, оның бетіне қалай қараймын?!
Одан ша өлгенім жақсы ғой деген ой келеді.
Бірақ түнде төсекке жатқанда құмарымды немен басарымды білмей, аласұрып шығамын. Сондайда расында, Айгүл айтқандай ара-тұра төсек рахатына бөлейтін бір ер адам тауып алсам ба, деген әзәзіл ой келеді.
Не істесем екен?
https://kaz.365info.kz/kyjeuimdiki-tym-kishkentaj-myndaj-da-bolady-eken-264222