Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
26
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Күйеуім импотент” – 38 жасында белсіз болған Жомарттың әйелі

4057

«Дәріханада еркектің қуатын қалпына келтіретін дәрілер көп емес пе? Соны неге жатарда пайдаланбайсыңдар?». Мұны айтқан менің әйелім.

«Оны да айттым. Бағасын біліп келді. «Бағасы удай. Оны ішкенше у ішкенім жақсы. Сенің-ақ көтің қышып жүреді екен», деп өзімді соққыға жықты. Содан кейін қойғанмын айтуды. Міне, неше ай болды төсек қатынасы арамызда болған жоқ. Жасым болса отызға енді толды. Нағыз төсекте рахат алып қызара бөртіп жүретін кезім ғой. Ал мен болсам, оның құшағына зар болып жүрмін. Ана көрші үйдегі қара күйелеш қатын Ботаға қызығамын. Қашан сөйлессең де есінеп, «ұйқым қанбай жүр. Түнімен күйеуім маза бермейді. Отызға толмай бес бала туып тастадым. Елден ұят болды. Қойшы, ұйқы берші десем, шыдай алмай барамын деп үстіме асыла береді», деп күйеуін мақтай береді. Оның күйеуі мен менің күйеуім Жомарттың жасы шамалас. Ал менің күйеуім әупірімдеп жүріп бір баланы әрең туғызды. Сонымен тоқтады. Жарайды бала керек жоқ дейік, бірақ түнде еркектік парызын атқару керек қой? Ол болса, менің көзімді ала бере интернет ақтарып, порно көріп, сондағы сұлу қатындарға қызығып, тамсанып отырғаны. Не істерімді білмеймін. Шаршадым».
https://kaz.365info.kz/khazakh-erkeginin-khozuynan-bitui-tez-dariger-sekstin-khypiyasyn-ajtty-18-250208
Айша біраз жылады. Олардың ас үйде айтқандарын тыңдағым келмеседе, «естімеймін десем, құлағым бар» демекші, екі әйелдің әңгімесін амалсыз тыңдауға тура келді.

Жомартты жақсы танимын. Көршім. Сыйласып жүрген азамат. Өткендері бір рет аулада темекі тартып тұрғанымызда «аға төсекте мықты болу үшін не істеу керек?» деп сұрап қалғаны бар. Ол кезде оның көзіне онша мән бермей: «Бұғының қанын іш. Қатыныңды қуалап жүресің» деп күле салғанмын. Демек, Жомарттың белі жұмыс істемейтін болып шыққан ғой.

«Дәрігерге неге қаралмайды ол?», деп әйелім сұрап жатыр.

«Ұят қой, қалай барамын дейді күйеуім», деді Айша.

«Ұялатын несі бар? Қазір дәрігерлердің айтқандарын тыңдасаң, белсіз еркектер тым көбейіп бара жатыр дейді ғой. Ол жаңағы өзің айтқандай интернеттен порноларды көп көріп, содан ғана кәйіп алып, әйеліне зауқы соқпайтын ауруға душар болғандар. Не болмаса басқа да причина бар дегендей. Қаралсын. Әлі қырықта. Бүкіл өмірі алда ғой», деп әйелім Айшаға ақыл-кеңес беріп жатыр.

«Ағай қалай, қуатты ма? Төсекте жиі боласыздар ма?» Бұл Айшаның менің әйеліме қойған сұрағы.

«Ағаң елуден асса да жаман емес. Кей түндері бір емес бірнеше рет мазалайды. Кейде аптасына екі, я болмаса үш рет болып тұрамыз. Соның өзі біз секілді елуге келгендер үшін жеткілікті». Бұл менің әйелімнің айтқаны.

Риза болып қалдым.

«Білмеймін, қашанғы бұлай шыдап жүрерімді. Түрім бар, фигурам бар. Қызығып жүрген еркектер де жеткілікті. Кейбірі ойнап болса да оңашада мықынымды шымшып, бөксемді сипап қалады. Сондайда өзімді әрең ұстап қаламын. Жомарттың белсіздігі түбі менің оның көзіне шөп салуыма алып келетін сияқты. Ең бастысы, мен әйелмін. Еркектің құшағын аңсаймын. Құмарым қанып, балқып төсекте жатқым келеді. Ал күйеуімнің түрі анау. Белі жұмыс істемейді. Онымен қоймай порно көріп, шетелдің жәлептеріне қызығып отырғаны. Білмеймін не істерімді?» Айша тағыда жылады.

Олардың әңгімелерін тыңдап жата берген ыңғайсыз секілді көрінді.

Өтірік жөткірініп, балконға шықтым. Ас үйдегі екі әйелдің әңгімесін одан ары тыңдағым келмеді.

Жасы қырыққа келмей белсіздікке ұшыраған Жомартты аядым. Жалғыз Жомартты емес, қазір жастардың көбі сондай екенін білемін.

https://kaz.365info.kz/aza-zhigitteri-t-sekte-au-arsyz-246615
Оған кінәлі кім, не? Әрине, біріншіден қыздардың тым ашық-шашық киінуі. Қыз баланың ашық денесін көре-көре көзі үйреніп, еті өліп кеткен баланың не болмаса еркектің оған деген құмарлығы азаяры хақ.

Екіншіден, кінәлі ғаламтор. Ғаламтор толы арсыздық, ұятсыздық, азғындық, эротика, порно. Сол порноларды көріп өскен бала тек содан ғана кәйіп алып, қызбен не әйелімен жатқанда еш әсерсіз, қабілетсіз болып қалары анық. Бұл ащы ақиқат.

Ал жігітінен, не күйеуінен рахат ала алмаған әйел, амалсыз жүріске салынады, күйеуінің көзіне шөп салады.

Әне, көрші Жомарттың әйелі Айша да амалсыздан бүгін болмаса ертең оның көзіне шөп салары белгілі. Өзінің айтып отырған сөздерінен түйгенім осы.
https://kaz.365info.kz/belsiz-erkektin-biri-menmin-monshadagy-bejtanys-khazakhtyn-angimesi-251479
Дастан Пірімбетов

Мақала VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз