Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғалары жазадан жеңіл құтылып кетеді – Перуашев

«Мәселе процедураларды нормативтік реттеу ғана емес, сонымен бірге бұзушылықтар үшін жауапкершілік жайында болып отыр. Қазіргі заңға сәйкес бұл бұзушылықтар, әсіресе пара алумен қатыстылары жемқорлық құқық бұзушылыққа жатпайды. Өйткені, квазимемлекеттік сектордың жауапты тұлғасы мемлекеттік қызметші саналмайды. Дегенмен бұл салада бұзушылықтар орын алуда. Шынымен де жауапкершілік әлі күнге дейін бұл салада қарастырылмаған. Нәтижесінде ол жақта үлкен бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлға сөгіс алып, сыйақысының жартысынан қағылу арқылы құтылып кетеді», – деді Перуашев.

Осы ретте ол бүгінгі күнгі басты міндеттердің бірі мұндай бұзушылықтарға дұрыстап жауапкершілік бекіту болып отырғандығын айтты.

«Жаңа заң жобасының негізгі мақсаттарының бірі квазимемлекеттік сектордағы жауапты тұлға сатып алулар саласындағы бұзушылықтары, заңнаманы, процедураны бұзғаны үшін толыққанды, дұрыс жауапкершілік енгізу болып отыр», – деді депутат.

Айта кетерлігі, отырыс барысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов  квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларды заңнамалық реттеуді қарастыратын заң жобасы әзірленгенін айтқан болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз