Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Кунсткамера: “Бізде Кенесарының басы жоқ”

«Бізге Қазақстанның мәдениет министрі келген, оған барлық қорды көрсеттік. Сондай-ақ Қазақстаннан келген әріптестер музейге келіп түсетін жәдігерлерді тіркейтін құжаттарды қарап шықты. Әрі олар Кенесарының бас сүйегі бізде болмағанына көз жеткізді», – деді Резван.

Кейкі батыр 1923 жылы сәуірде өлтірілген, ұлт-азаттық көтеріліс басшысының бас сүйегі Ресейге жіберілген. Қазақтың Кенесары ханы 1847 жылы қаза тапқан. Оның басын Ресейге алып кеткен, алайда ол әлі табылмаған.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов  РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуінде осындай мәселе көтерген болатын.

«Ұлт азаттық көтеріліс жетекшілерінің бірі болған Кейкі батырдың РҒА Ұлы Петр атындағы антропология және этнография мұражайындағы бас сүйегі туралы мәселенің анық-қанығын біліп беруге тапсырма берсеңіз. Оның сүйегін Қазақстан топырағында жерлеу үшін қайтарып беру мәселесінің шешімін табу мүмкіндігін қарастырсақ», – деді К.Мәсімов.
Ол бұл мәселе қазақтар үшін өте маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар, қазақстандық тарап тағы бір ұлт азаттық көтеріліс жетекшісі Кенесары ханның бас сүйегін отанына қайтару мәселесін көтерді.

Ресей премьері бұл сұрақты реттеуге атсалысатынын айтып, уәде берді.

«Күмәнданбаңыз, мен ауызша, керек болса, хат жүзінде бұл мәселе туралы тапсырма беремін, сосын сізбен телефон арқылы хабарласып, ортақ шешім қабылдаймыз», – деді Д.Медведев.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз