Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Кредитке көмілген, ойынқұмар, бейқам — қазақстандықтардың қазіргі портреті

300

Өмір сапасының жақсаруы тек билікке ғана емес, халықтың өзіне де байланысты. Саясаттанушы Талғат Қалиев осылай деп есептейді. Оның айтуынша, өз бастауын 90-жылдардан алатын қазіргі парадигмада әркім тек күнкөріс немесе баю талпынысымен жүр. Күнкөріс дегенде «аштан өлмеу» контекстінде емес, қанағат етерлік табыс табу.

Өмір сапасына лайық болу керек

— Сонымен бірге, өмір сапасы жеткілікті табыспен қатар, ұжымдағы атмосфера, қызмет көрсету мен әлеуметтік қызмет деңгейімен, қауіпсіздік сезімімен, бос уақыт нысандарының әртүрлілігімен және т.б. өте ауқымды шамамен өлшенеді. Яғни, азаматтардың өзі азға қанағат етуді тоқтату керек. Бұдан да ауқымды стандарттарға ұмтылып, өз мүмкіндіктеріне қарай сол стандарттардың ортасында болуға, оларды өміріне барлық деңгейлерде енгізуге тырысулары тиіс. Ең болмағанда

Мәжіліс депутаты ҰБТ-ның жасөспірімдік зорлық-зомбылықпен өзара байланысы туралы айтты

жол қозғалысы ережелерін бұзуды және жол полициясына пара беруді доғаруы тиіс, қарым-қатынас мәдениетін сақтауды үйреніп,

өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге қорықпаулары керек. Әсіресе тұтынушы құқықтарына байланысты. Рейс кешіксе де, тіс дәрігерінің қойған пломбасы нашар болса да. Өмір сүру сапасы үшін күресу керек, оған лайық болу керек, — деді саясаттанушы.

Материалдық игіліктер мен мәртебеге бағдар

Қалиевтің айтуынша, Бірыңғай өңірлік стандартты қабылдау жеткіліксіз. Әлеуметтік инфрақұрылымның барлық объектілері көзделген қызметтердің толық спектрін сапалы көрсетуіне және барлық қажетті кадрлармен жасақталуына қол жеткізу қажет.

— Сонымен қатар адамның өз өмірімен қанағаттануының маңызды факторларының бірі — оның әлеуметтену деңгейі, қоғамда өз орны мен рөлін сезіну.

Мәселен, бірқатар елде шартсыз базалық табыс енгізу эксперименті барысында, жұмыссыз қалғандар қысқа мерзімде күйзеліске түскен. Тұрақтылық пен материалдық игіліктерге қол жеткізу әлі де негізгі өмірлік басымдық болып табылмайтын көрінеді. Кепілдік табысы бар жұмыссыз адам өзінің пайдасыздығын ойлап, өміріне қанағаттанбаушылығы артады. Сонымен қатар,

біздің қоғамда, өкінішке орай, кейбір ескі өзгерістер сақталып, жаңа өзгерістер пайда болды

Әсіресе құндылық бағдарларының материалдық игілікке ығысуы байқалады. Мамандық өзін-өзі тану тұрғысынан емес, табыстылық, беделділік немесе ықпалдылық тұрғысынан бағаланады.

Букмекерлік кеңселер — бұл диверсия

Сарапшы атап өткендей, тек Астанада 8 000-нан астам бос жұмыс орны бар.

— Қаланың қоғамдық даму департаментінің директоры Данияр Есин көптеген жастар несие бойынша жинақталған қарыздарына байланысты жұмысқа орналаспайтынын айтты. Яғни

жалақысы қарызды өтеу есебіне автоматты түрде аударылатын болады деп, карточкасына ақша түсуін қаламайды

Өкінішке орай, көбі несие қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтысқа ақша тігіп, ұтылып қалғандар. Бұл сала бүгінде әлеуметтік диверсия ауқымына ие болып жатыр. Ресми емес мәліметтер бойынша, «Олимп» компаниясының жылдық айналымы 250 млрд теңгеге жетеді, ал онда 350 мың адам ойнайды. Кейбір интернет-басылымдардың айтуынша, олардың сайтына 750 000-нан астам қатысушы тіркелген. Яғни

бір букмекерлік компанияның айналымы — бүкіл елдің жылдық бюджетінің 2,5%-ы,

ал ойыншылардың саны — біздің жастарымыздың 1/5-і, – дейді Қалиев.

Мемлекет неге араласуы тиіс

Сондықтан бұл сала мемлекеттің араласуын және ең қатаң заңнамалық реттеуді талап етеді.

— Дегенмен азаматтардың өздеріне де сұрақ туындайды. Адам өз кінәратын жоюға мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана оған көмектесуге болады. Немесе құндылықтар жақсылық пен жамандықтың шекарасы көрінбей кеткенше жылжыған кезде. Ал әзірге біз бұл шкаланы реттемейінше, өмір сапасын сезінбейміз, — дейді саясаттанушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз