Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Көшеде сүйісеміз…”. Ақтаулық гей жігіт Алматыға көшкен соң көзі ашылғанын айтты (видео)

609

Марат – Ақтау тумасы. Бозбала кезінде ол өзінің басқалар сияқты еместігін білді. Алайда, басында тіпті өзін осылай қабылдауға қиналыпты. Марат ешқашан өзінің ерекше жыныстық ұстанымы жайлы айтпаған болатын, бірақ оның үстіндегі киімі мүлдем басқаша дүниені аңғартқан.

https://kaz.365info.kz/erkek-te-ajel-de-khalajdy-en-seksualdy-zhigit-erekshe-zharatylysymen-makhtandy-video-321954

 

“Мен әрқашан өзіме ұнайтын киім киетінмін. Ақтаудағы адамдар оны дұрыс деп қарамады. Мәселе сонда. Маған үнемі тиісіп, қыз деп айтатын.
Біраз уақыт мен неформал да болдым. Құрдастарыма бұл ұнамайтын әрі мені үнемі кемсітіп, “зәбір көрсеткен”. Мен Ақтауда ешқашан өзімді қауіпсіз сезінбейтінмін”, – деді Марат.

Ақтауда Марат үнемі қыспаққа, соққыға ұшырайтын. Оның айтуынша, құрдастары да, өзінен үлкен балалар да кемсітудің мүмкіндігін жібермеген. Оның телефонын, ақшасын, қымбат дүниелерін тартып алыпты.

Маратқа тіпті пышақ сұғып өлтіреміз дегендер де болған. Ақтау кішкентай қала болғасын, ондағы өсек тез тарайды. Сондықтан да Марат шын мәнінде гей деген сөз тараған.

 

“Мен өзімнің жыныстық ұстанымым жайлы ешқашан ашық айтпағам. Бірақ адамдар сондай шешім шығарды. Бір күні сауда үйіне кіргенімде маған бір топ ересек жігіттер назар аударды.

Ғимараттың ішінде біраз болып, шығып бара жатқанымда мені сол жігіттер күтіп тұрды. Олар пышақпен қорқытып, маған өздерімен бірге жүруді талап етті. Мен қорқып кетіп, сауда үйінің ішіне кіріп кеттім. Бірақ ол жақта да күтіп тұрды.

Бағыма орай, таныс ересек әйелді кездестіріп қалдым. Ол мені жолға дейін шығарып салып, таксиге отырғызып жіберді”, – деп есіне түсірді Марат.

 

https://kaz.365info.kz/zhigitshe-zhyrsej-myna-khazakhtar-nazik-zhandy-zhigitti-zher-khyldy-video-321843

Мұндай оқиғалар бір рет қана болған емес. Ақыры соңында Марат шыдамай әке-шешесіне бәрін айтып беріпті. Оны Алматыға жіберу керектігі шешілді.

“Мен онсыз да оңтүстік астанаға көшуді жоспарлап жүргем. Оқу орнына түскім келеді. Бірақ осындай оқиғалардан кейін Ақтау колледжіндегі оқуымды тастап, уақытынан бұрын Алматыға көшуге тура келді.

https://kaz.365info.kz/khazakh-zhigiti-birden-eki-khyzben-syjisip-ajmalasyp-otyr-18-257717

Алматыда бірден өзімді қауіпсіз әрі еркін сезіне бастадым. Әрине, адамдар біртүрлі көзбен қарауын жалғастыра берді.

Айырмашылығы – Ақтауда бәрі “хейтер” болатын, ал мұнда бәріне бәрібір. Бұл жақта бірінші рет достар таптым, қоғамның кесірі емес, мүшесі болдым”, – деді Марат.

Алматылық “гопниктер” де ерекшеленетінін айтып берді. Оның айтуынша, сөйлесу арқылы кез келген кикілжіңнен жол тауып кетуге болады. Кейбірі тіпті “Жарайсың! Өзіңді еркін сезін” деп мақтаған көрінеді.

“Алматыда менің басыма қауіп төнгенін есіме түсіре алмай отырмын. Мұнда, шынымен, өзіңді еркін сезінесің. Бұл жақта төсектегі серіктерді де табу оңай. Себебі адамдардың көзқарасы басқаша”, – деді Марат.

https://kaz.365info.kz/basy-khyltidy-kyjeuin-erkekpen-ystap-algan-ajel-oz-syryn-ajtty-321240

Алайда, Мараттың жыныстық ұстанымы кейбір нәрселерге әсерін тигізеді екен.
Мысалы, ол керек кезінде полициядан қажетті көмекті ала алмайды. Марат пәтер жалдағанда не жұмысқа тұрғанда қиындықтарға тап болады екен.

“Кейде тіпті такси шақырғанда жүргізуші мені көріп, кетіп қалып жатады (күледі). Бірақ мен үйреніп алдым. Сән индустриясында жолым болды. Мен стилистпін. Бүкіл жерде қуана қарсы алады. Қымбат салондарға шақырады. Жалпы, бұл жолда менің жолым ашық”, – деді Марат.

Алматыдағы өмірі қиындықтарсыз өтіп жаста да, Марат болашақта АҚШ-қа көшіп кеткісі келеді екен.

“АҚШ-та еркіндік көп. Демократия. Толеранттылық дамыған. Болашақта ер адаммен бірге тұрғым келеді, ал АҚШ-та біржынысты некеге рұқсат берілген.

Алматыда бірнеше жыл тұрғандықтан, нақты айта аламын: мұнда Ақтауда қарағанда гей болу оңай”, – деп қорытындылады өз сөзін Марат.

https://kaz.365info.kz/khojsandarshy-endi-zhas-khyz-algan-abaj-begej-ashynyp-ketti-video-322840

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз