Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Көшеде қорап ұстап қайырымдылық үшін ақша жинап жүргендер жауапқа тартылады

276

Талай алаяқтардың қайырымды жандардың атын жамылған кездері болған. Жиналған ақшаның қай жерге жететінін, қандай мақсатқа жұмсалатынын зерттеп білу мүмкін емес. Оңай олжа тапқысы келетіндер осыны біледі»,-деді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қалалық ішкі істер департаментінің мәліметінше, қайырымдылққа деп заңсыз ақша жинайтындар ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес «Алаяқтық» айыбымен жауапқа тартылады. Қоғамдық орындарда азаматтардың мазасын алып, өз қызметін немесе тауарын ұсынатындар ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 449-бабына сәйкес жауап береді.

Осыған орай, Алматы полициясы азаматтардан қайырымдылық шарасын арнайы қор , қоғамдық бірлестік, әділет органдарында ресми тіркеуде тұрған мекемелер арқылы жүзеге асырауын сұрайды. Басқа жолмен ақша жинайтындардың заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз