Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-10
USD
523
+5.98
EUR
549
+6.33
RUB
5.05
+0.07

“Көрмеулері мүмкін емес!..”. Есікте көз жұмған полицейдің әйелі шулатып жатыр

https://kaz.365info.kz/almaty-oblysynda-atys-bop-politsiya-koz-zhymdy-314816

Гүлмира Рыспекова өткен дүйсенбіде күйеуінің достарымен кездесуге кеткенін есіне алады. Түннің бір уағында оған күйеуінің ауруханаға түскенін хабарлаған. Дәрігерлер оның өміріне алаңдайтындай, ешқайдай қорқыныш жоқ деп, Қуаныштың туыстарын тыныштандырған болатын.

https://kaz.365info.kz/eki-oblysta-atys-bop-kasipker-men-5-zhigit-auruhanaga-tysken-314847

Алайда, жарақат алып түскен науқастың жағдайы одан әрі нашарлап, оған бір күн өткен соң ота жасалып, жансақтау бөлімінен бірақ шыққан.

Тек жарақатты ашқан кезде ғана полиция майорының қару жарақатынан емес, іріңнің қанға жайылып кетуінен қайтыс болғаны белгілі болды. Туыстарының айтуынша,

дәрігерлер марқұмның арқасындағы терең пышақ жарақатын көрмеген.

«Бұл дәрігерлердің салғырттығынан. Біздің медицина науқасты жарымжан қылмай,  керісінше емдеулері керек.

https://kaz.365info.kz/almatyda-y-atys-215362

Ол кісі өлімін тексеретін бөлімде, ауыр қылмыстарды тергеумен айналысты. Қылмыскерлерді ұстаумен айналысқан күйеуім, солардың қолынан көз жұмды»,

– дейді Қуаныштың жұбайы Гүлмира Рыспекова.

Сол күнгі қанды қақтығыстың барлық алты қатысушысы да шайқас алдында кафеде отырған. Қызметкерлердің айтуы бойынша, кейінірек ер адамдардар арасында кикілжің туып, олар шотты жауып, мекемеден кетіп қалған. Бірақ олар алысқа бармады. Шулы компания көшеге шығып, сол жерде төбелесе кеткен.

 

 

https://kaz.365info.kz/esiktegi-atys-politsejdi-oltirdi-degen-kydikti-ystaldy-314929

«Полиция қызметкері ол уақытта қызметтік міндетте болмаған. Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ, қылмыс құралы табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта бұл іс ерекше бақылауға алынып, алдын ала тергеу жұмыстары жалғасып жатыр»,-деді Алматы облысы ІІД-нің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз