Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберу туралы ұсныс алғанын мәлімдеді.
— Ашығын айтайын: осы отырысқа дайындық барысында маған өңірлердің, ведомстволардың кейбір бірінші басшыларын жұмыстан босату, тіпті барлық үкіметті отставкаға жіберу туралы кеңес берді. Қоғам бұл шешімді жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді… Бірақ маған ұпай жинаудың қажеті жоқ. Мен жауапты адамдарды тыңдауға және естуге дайынмын, бірақ көпшіліктің алдында ойын ойнай алмаймын. Мен қазір ондай жағдайда емеспін, — деп атап өтті Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өңірлер мен ведомстволардың барлық басшысы коронавирус эпидемиясы кезіндегі жұмысының қорытындысы бойынша сөгіс алуға лайықты екенін атап өтті.