Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Комсомолдың 100 жылдығын дүркіретіп атап өтуге “комсомол” Сұлтанов бастамашы болыпты

Қазақстандықтардың басым көпшілігі құрдымға кеткен осынау ұйымның аңсаушылары мен қолдаушылары билік өкілдері болғанына наразы. Өйткені, тойға келген «құрметті» қонақтардың қатарында экс-премьер, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағанбетов, сенаторлар Бірғаным Әйтімова мен Бақытжан Жұмағұлов, мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Серік Сейдуманов және өзге де билік өкілдері бар.

«Әттең…». Ерлан Қарин комсомолдардың 100 жылдығын тойлауға қатысты пікір білдірді

Белгілі болғандай, «Комсомол» ұйымының мерейтойын тойлау бастамасын депутат, бұрынғы комсомол Қуаныш Сұлтанов көтерген екен. Тіпті, жыл басында Елбасының рұқсатын да алыпты. Бұл туралы мақала «Комсомолькая правда» газетінің ресми сайтында биыл сәуір айында жарияланған.

Аталған мақалада Қуаныш Сұлтановтың жетпісінші жылдардың соңында қазақ комсомолдар ұйымының бірінші хатшысы болғаны көрсетілген. Ол бастаған топ жыл басында Мемлекет басшысының атына хат жазып, 20 қазан күні Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында салтанатты іс-шара өткізуді сұрапты. Президент болса рұқсатын берген.

Айта кету керек, Қазақстан КСРО құрамында болған уақытта, яғни елді комсомолдар билеген 75 жылда екі бірдей ашаршылықты, сталиндік репрессияны, Екінші дүниежүзілік соғысты бастап өткеріп, миллиондаған қазақ қаза тапты.

«Қабанбай мен Бөгенбайды комсомол болды демегендеріне шүкір». Алихан Байменов комсомол тойын тойлағандарды тұқыртып тастады.

Десе де, не билік, не отандық тарихшылар мұны геноцид деп мойындау мәселесін көтерген емес.

Ал, Қуаныш Сұлтанов болса бұған дейін де өз бастамаларымен талай рет есте қалған.

Мәселен, былтыр ол Астанаға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру керек деген идеясын айтқан болатын. Әлеуметтік желі қолданушыларының көбі оны «жағымпаз» деп айыптап, күлкіге айналдырып жатты. Сұлтановтың өзі болса бұған ренжігенін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз