Нұр-Сұлтан
Қазір
-27
Ертең
-10
USD
511
-4.57
EUR
540
-4.99
RUB
5.15
-0.02

Көлікті мас күйінде жүргізген полиция қызметкері 3 жасар қыздың өмірін қиды

Қайғылы оқиғаның болғанына бір айдан астам уақыт өтсе де тергеудің қарқынды жүріп жатқаны байқалмайды дейді зардап шегуші. Қосымша сараптамалардың қашан жасалатыны тағы белгісіз. Бұдан бөлек, Жанар адам өліміне қатысы бар күдіктінің қамауға алынбағанына наразы.

«Қазіргі сәтте кінәлі азаматтың үй қамақта отырғанына көңілім толмайды. Әуел баста уақытша тергеу изоляторына қамау туралы шешім шығарылды емес пе? Мен жоғарғы сотқа арыз жазып жолдадым. Мас күйінде рөлге отырып, оған қоса тәртіп бұзып соңы адам өліміне апарған қылмысқа қатысы бар адам қалай үйінде отырады?», – дейді Жанар Күпенова.

Заңгер Жандос Тұяқов аталған іс ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қарастырылуы керек деген пікірде. Ал полиция қызметкерінің үй қамаққа алынуы қалыптасқан тәжірибеден тыс жағдайға саяды дейді.

«Адам мас күйінде болғандығы бұл былайша айтқанда қасақанамен пара-пар деп санаймын. Сондықтан мұнда бұлтартпау шарасына келер болсақ әрине бұл таңқаларлық нәрсе. Өйткені тәжірибеде көп жағдайда қамауда ұстайды», – дейді заңгер Жандос Тұяқов.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз