Шымкентте букмекерлік кеңсе тоналды. Белгісіз біреу кеңседегі оператор қыздарды қорқытып, бар ақшасын алып кеткен.
Букмекерлік кеңсеге шабуыл кеше түнгі сағат 22.30-дар шамасында жасалған. Тәулік бойы жұмыс істейтін бірінші қабатта орналасқан кеңсеге әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің басшылығы бастаған бір топ қызметкерлер келіп жеткенде қылмыскерлер ізін жасырып үлгерген. Патрульді экипаждар аулаларды қарап, ұрыны іздестірген. Бірақ ешкімді таппаған. Дегенмен сұрау кезінде біраз жайдың мәні ашылыпты.
Сөйтсе ұрлықты кеңседегі оператор қыздардың бірі ұйымдастырған болып шықты.
Оның бірі жігітін кеңсеге шақырып алған. Кейіннен сүйіктісі 350 мың теңгедей ұтылып қалыпты. Осы ақшаның орнын толтыру үшін екеуі ұрлықты қолдан ұйымдастырған екен. Бұл туралы өңірдің қадағалаушы орган өкілдері хабарлады.
Қазір кеңсе қызметкерінен жауап алынуда. Өзге мәліметтер тергеу кезінде белгілі болмақ.