Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Көлгінов Нұр-Сұлтанның жұмыс берушілерін қызметкерлерін «қашықтан жұмысқа көшіруге» шақырды

204
Сурет: kazpravda.kz

«Эпидемиологиялық жағдайды және коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету бойынша қалалық жедел штабқа жүгінгендердің санының артқанын ескере отырып,  бірнеше мәселені қарастырдық, —

делінген әкімнің 15 маусымдағы жазбасында. —

Бірінші. COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар үшін қосымша 400 провизорлық орын ашылды. Оның ішінде стационарлар базасында инфаркт, инсульт, қант диабеті бар (КВИ-ды жұқтыруы мүмкін деген) адамдарға арналған жеке төсек орындары белгіленді.

Бұрын пневмониямен немесе ЖРВИ-мен ауырған емделушілер үшін жеке корпустар ашылған еді,  онда оларды коронавирусқа қосымша тексерді. Бұл инфекцияны ерте және дер кезінде анықтауға мүмкіндік берді.

Екінші. Қалалық және жеке меншік емханалардың бас дәрігерлерімен, стационар басшыларымен, талдау-орталықтары басшыларымен және қаланың бас санитарлық дәрігерімен онлайн-кездесуден кейін коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларын емдеу үшін телемедицинаға көшу туралы шешім қабылданды. Бұл дегеніміз, медицина қызметкерлері бейне қоңыраулар және басқа байланыс арналары арқылы денсаулықты бақылап, коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларының барлық мәселелері бойынша кеңес береді. Пациенттердің симптомдары пайда болған жағдайда ауруханаға жатқызылады.

Үшінші. Шетелден ұшып келген авиажолаушыларды оқшаулау тәжірибесін жалғастырамыз. «Рамада Плаза» қонақ үйінде медициналық стационар ретінде жабдықталған нөмірлер дайындалды. Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыздан бастап қалаға кіру және шығу жолдары жабылды, қалалық жедел штаб барлық авиажолаушыларды тексеру туралы шешім қабылдады, бұл қалаға инфекция жұқтырғандарды кіргізбеуге мүмкіндік берді.

Төртінші. Ұйымдар қызметкерлерін барынша қашықтықтан жұмыс режиміне  көшіру қажет. Қызметі рұқсат етілген ұйымдар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қатаң бақылауы тиіс.

Covid-19 жұқтырғандардың жартысы ұжымдық (еңбек) ошақтарында анықталды! Полицейлермен, санитарлық дәрігерлермен және мобильді топтың волонтерлерімен бірге күнделікті  санитарлық норманы сақталуын тексеру үшін рейдтер жүргізілуде, тәртіптің бұзылғаны анықталған жағдайда нысандар жабылады.

Бесінші. Қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы қажет: бетперде кию (адамдар көп жиналатын жерлерде, әсіресе жабық үй-жайларда), адамдар көп жиналатын орындарға мүмкіндігінше бармау, қолды антисептикпен өңдеу және әлеуметтік қашықтықты сақтау».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз