Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Көкшетауда жолаушылар автобусы жанып кетті

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

ішінде қатынайтын №7 автобуста кешкі сағат жетілер шамасында аялдамалардың бірінде от тұтанып, ол лезде күш алған. Қайта іште болған он жолаушы мен жүргізуші сыртқа шығып үлгеріпті. Болжамдарға қарағанда, өртке электр сымдарының тұйықталуы себеп. Осыған ұқсас оқиға Павлодарда да тіркелді. Онда Павлодарское ауылына қатынайтын автобус жүріп келе жатып тұтанған.

Жүргізуші өртті өз күшімен өшірмек болғанымен, күш алған жалын бой бермепті. Ал іштегі 10 шақты жолаушы қоғамдық көліктің есігі ашыла салысымен сыртқа шыққан. Шошып қалғандары болмаса, олар дін аман. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.

“Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыды. Оның тұтануына көліктің қозғалтқыш бөлігіндегі сымдардың тұйықталуы себеп болған”, деді Павлодар қаласы №35 өрт сөндіру бөлімінің басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз