Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
21
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Көкшетауда менингитке шалдықты деген күдікпен 10 айлық сәби ауруханаға жатқызылды

Он айлық қыз үш күн бұрын ауырып қалған көрінеді. Алғашында балада бөртпе, яғни атопиялық дерматит болған. Анасы баланың терісіне жақпа май жаққан, бірақ қыздың жағдайы одан әрі нашарлаған. Содан кейін жедел жәрдем шақыртылып, бала ауруханаға жеткізілген.

«Ауруды анықтау, оны емдеу жолы туралы дәрігерлердің кеңесі шақыртылды. Қазір республикалық дәрігерлермен консультация жүргізілуде», – деді Татьяна Бишораева.

Айта кетейік, Қазақстанда сегіз адам менингиттің құрбаны болды. Бұл дерттен көз жүмғандардың төртеуі Алматының, екеуі Алматы облысының, тағы екеуі Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Сондай-ақ, Астана қаласында менингит диагнозы расталған үш жасар бала ауруханаға жатқызылды, ал Алматыда тағы 30 адам ем алуда.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз