Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетауда футбол стадионын салуды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, стадионның сыйымдылығы кемінде 10 мың адам болуға тиіс.
Президентке Көкшетаудағы тұрғын үйді реновациялаудың бесжылдық бағдарламасының сәтті іске қосылғаны туралы баяндалды. Сондай-ақ қалаға арналған жаңа бас жоспар таныстырылды.
2029 жылға дейін мұнда 175 ескі және апатты үй сүріліп, олардың орнына 3500 пәтерлі 35 заманауи үй салу жоспарланып отыр. Бұл шамамен 11 мың адамды қоныстандыруға мүмкіндік береді.