Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Кластас Қайрат” деп сақтап қойғаны көңілдесі екен (фото)

609

Күйеуім бір күні тым кешігіп келді. Түннің бір уағына дейін күттім. Келді де, шешініп жатып қалды. “Тамақ ішіп келдім” деді. Ішіп қылп ете қалды. Ол ұйықтап қалғасын, телефонын білдіртпей алдым. Анығында, көңілімде еш күдік жоқ болатын. Менің телефонымнан интернетке кіру қиын болғасын, кей кездері осылайша алып тұратынмын. Алайда телефондағы хабарламаларына үңілмейтін едім. Бірақ бұл жолы осы дәстүрді бұзып уатсабын ақтарғаным сол еді… әлгі кластас Қайраты менің күйеуіме әртүрлі тәтті сөздер жазып жіберіпті.

“Жаным, қалай жеттің? Ерніңнен сүйдім, бүгін сенсіз қалай ұйықтаймын… Кешегі уәде еткен киноңа қашан апарасың?”.  “Ертең ертерек келші, сен күтем” деген. Бұдан басқа да ұятсыз сөздер жазыпты.

Әңгімесі қысқа ғана екен. Тегі күйеуім белгілі бір уақыттан кейін жазбаларды маған көрсетпей өшіріп отырған.

Балалар ұйқыда. Түнде шу шығарғым келмейді. Білдіртпей, әлгі кластас Қайраттың телефонын жазып алдым.

Білдірткем жоқ. Таңертең күйеуім жұмысқа кеткенде үндемей шығарып салдым. Кеткесін әлгі кластас Қайраттың телефонына хабарластым. Ұзақ көтермеді. Сәлден соң аржағынан “алло” деген қыздың даусы естіледі. Әдейі үндемей тұрдым. Телефонды тастай салды.

Кейін әлеуметтік желіден оның суреттерін тауып алдым. Жалаңаш денесінен басқа түгі де жоқ. Жақсы табыс табатын менің күйеуімнің басын айналдырып алған…

Кластас Қайрат деген көңілдесі екен. Енді қайтемін. Айтсам отбасым бұзып алам ба деген қорқынышым бар. Анам әрдайым “отбасын сақтау керек” деп айтып отырады. Алайда сүйіктімнің көзіме шөп салғаны жаныма батып барады. Ақылдарыңызды айтыңыздаршы.

Айғаным Мәдисұлтанқызы

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы 

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқылануда

https://kaz.365info.kz/k-jeuimni-k-zine-sh-p-salamyn-246658

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз