Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Кіші Ислам Каримов: “Анамды Ташкентте қамап ұстап отыр. Көмектесіңдерші!” (фото)

Өзбекстанның экс-президентінің немересі анасы Гүлнәр Каримованың шетелде екені немесе Ташкентте бостандықта екен деген әңгімелер шындыққа сай келмейтінін айтқан.

«Менің анамды ұстап отырғандар атамның “қолшоқпарлары”. Олар анамның бостандықта болғанын қаламайды. Өйткені олар өте көп сұраққа жауап берулеріне тура келеді, бірақ енді ол сұрақтарға ешкім дәл жауап бере алмайды», – дейді ол.

Лондонда тұрып жатқан Каримовтың немересі анасы мен оның сіңлісі Лола арасындағы бәскелестікті де айтқан. Осы үшін ол атасын кінәлайды.

«Бастапқыда менің анам мен тәтем арасында жақсы қарым-қатынас болды. Одан кейін болған жағдайға атамның кінәсі бар. Менің анам математика мектебін алтын медальмен бітіріп, атамның ізін басты. Ол спортпен шұғылданды. Тіптен шығыс жекпе-жегі бойынша қара белбеуі бар. Анам немен айналысса, тәтем әпкесін қайталады. Атам Лолаға үнемі әпкеңе неге ұқсамайсың деп айтумен болды. Қанша тырысса да Лола анам сияқты бола алмады. Бұл біздің отбасымызға үлкен зиянын тигізді», – дейді кіші Ислам Каримов.

e4650afd-11b5-45a9-94f6-d1cc5924b394_w987_r1_s

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз