Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Үкімет басшысына Ақтөбедегі тұрғын үй құрылысының жайы баяндалды

BNews.kz хабарлауынша, Кәрім Мәсімовке мемлекет және жеке құрылысшылар тарапынан тұрғын үй құрылысы саласына қатысты жасалып жатқан инвестициялық саясаттың облыста қолданысқа берілетін тұрғын үй көлемін төмендетпеуге мүмкіндік беріп отырғаны туралы баяндалды.

Мәселен, 2015 жылдың қорытындысына сәйкес, барлық қаржы көзі есебінен 536,2 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, 4629 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Биыл өңірде 580 мың шаршы метрден кем емес баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланған, оның 141,9 мың шаршы метрі барлық қаржы көзі есебінен халық игілігіне берілді.

Облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары премьер-министрге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл ұлттық қор қаражаты есебінен облигация шығару арқылы тұрғын үй құрылысы қарастырылғанын хабарлады. Бұл мақсатқа облыста биыл «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінде 6 жоба құрылысын бастап кету үшін 4,5 млрд теңге қарастырылған. Барлық жұмыс 2017 жылы аяқталады, 75,9 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі, 1278 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі.

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша 50 мың шаршы метр несиелік және жалдамалы баспана құрылысы үшін облысқа Ұлттық қордан 7,6 млрд теңге бөлінеді. Сонымен бірге, шамамен, 4,9 млрд теңге құрылысы қарқын алған аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы үшін қарастырылып отыр, деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

– Мемлекет басшысының облыс тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін барлық шараны қолға аламыз», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Өңірдегі ірі құрылысшылардың бірі «Нектар» өндіріс кооперативінің төрағасы Шамиль Каспранов Үкімет басшысына 20 жылдан бері ондаған баспана тұрғызғанын, 300 мың шаршы метрден астам тұрғын үйді қолданысқа бергенін жеткізді. Сонымен қатар, бірнеше балабақша мен әлеуметтік маңызы бар қосымша құрылыстар жүргізген. Бүгінде компания «Батыс-1» ықшам ауданында екі бес қабатты тұрғын үй мен 320 орынға шақталған балабақша салып жатыр. Аталған тұрғын үй массивінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында кәсіпорын спорт сарайын тұрғызбақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз