Бұдан былай төлейтін несиесі айлығының жартысына жететін қазақстандықтарға жаңа несие берілмейді.
Бұл туралы «Аманат» фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиев айтты.
«Несие берушілер енді қарыз жүктемесінің коэффициентін (ДЛР) есептеп барып, несие беруі керек. Мысалы, табысыңыз 200 мың теңге болса, несиенің ай сайынғы төлемі 100 мыңнан аспауы керек. Егер жалпы несие төлемдері кірістің 50%-ына жетсе, жаңа несие берілмейді», – деді ол.
Енді Қазақстанда несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін несиесі жалақының жартысынан асса, онда оған жаңа несие берілмейді.
Депутаттардың пайымдауынша, қабылданған бұл шешім студенттер секілді табыс көзі жоқ адамдарға несие беруді болдырмау үшін жоғары пайыздық мөлшерлеме арқылы несиелеудің өсуін тоқтатуға бағытталған. Бүгінде бұл заң жобасы Сенатта қаралып жатыр.