Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Кім зейнетақы қорындағы 10 млрд теңгесін «ұмытып» кетті

158
Сурет ашық көзден алынды

Олардың есепшоттарында 10,6 млрд. теңгеге жуық қаражат жинақталған. Бұл қазақстандықтардың жалпы зейнетақы жинақтарының 0,1% құрайды. 2019 жылдың соңынан бастап біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнеткерлерді өздерінің жинаған ақшасын алуға шақыруда. Бірақ адамдардың көбі қор тарапынан жіберілген хабарламаны елемейді екен.

Бізге ақша керек емес

БЗЖҚ-ның баспасөз қызметі 365info медиапорталының редакциясына

барлық 174 мың салымшының тірі екенін хабарлады

Олар  тұрғылықты орнын ауыстырып немесе Қазақстаннан тыс жерге көшіп  кетпеген.

— Өзінің жинағын пайдаланбағандардың 80%-ы 2018 жылға дейін зейнетке шыққандар, — деп әңгімеледі БЖЗҚ. — Сол уақытта композиттік қызмет — мемлекеттік бюджеттен берілетін зейнетақы мен БЖЗҚ төлемдері бір ғана өтініштің негізінде рәсімделетін болды.

Мемлекеттік бюджеттен композиттік қызмет аясында зейнетақы рәсімдеп, БЖЗҚ-дан төлемақы алғысы келмегендер де бар. Бұл құқықты жүзеге асыру үшін тұрғылықты мекенжайы бойынша Халыққа қызмет көрету орталығына жүгіну керек.

Маңызды хабарламалар

Қор өкілдері өздерінің зейнетақыларын алмаған салымшыларға үнемі хабарлама жіберетіні туралы айтты.  SMS–хабарламалар, электронды пошталарына хаттар  және пошта мекенжайына жеделхаттар жолданады.

— Алайда бұл ақпарат әрдайым адресаттардың назарына жетпейді , — дейді БЖЗҚ-да. Бір адамдар өздерінің жеке мәліметтерінің, телефон нөмері мен мекенжайының өзгергені туралы хабарламайды.

Ал басқа бір салымшылар SMS-хабарламаларды спам деп есептеп, оқымай-ақ өшіріп тастайды

Осы себептен 2019 жылы  БЖЗҚ-дан төлемақыларын алуға салымшылардың 11-12% ғана келген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз