Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Кім не десе о десін…”. Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы шындықты айтты (фото)

697

Нағима және Бақытбек Есентаевтардың анасы олардың бала күнінде, ал әкелері есейген шақтарында қайтыс болған. Нағима Есентаеваның айтуынша, Бақытбек ата-анасының орнын жоқтатпау үшін көп еңбектенген.

«Өмірдегі ең қымбат, құрметті, асқар тау, ағатайым менің!

Кім не десе о десін, кім не ойласа соны ойласын.

Мен үшін тек бүкіл әлемдегі ең ақкөңіл, ең ақ жүрек, ең кең пейілді адал жансың. Сен өте көпшілсің, қолың ашық, береген, берекелі жансың. Жанұям дегенде жаныңды беріп, «Алла, Алладан кейін қасиетті ол тек жанұям» деп үнемі айтып жүруші едің. Осы бір керемет қасиетіңді біреу білсе, біреу білмес.

Екі ай болды жан айқайымды өзіңе жеткізгім келеді, бірақ өзіңмен кездесуге барғанда тамағыма тығылған өксігімді өзіңнен жасырып, бетіңе күліп қарап, осалдығымды білдірмей қайтам.

Өйткені сен өзің үйреткенсің маған: «Артымнан ерген жалғыз қарындасым менің, сен ұл балаға бергісізсің. Ешқашан ешкімге қиналғаныңды, жылағаныңды көрсетпе, мойыма, өйткені мен бармын, сенің қамқоршы тірегіңмін», деп. Мен ес білгелі анамның жоқтығын да білдірмедің. Қатардан қалдырмай, не кием, не жеймін, не мінемін, қайда тұрамын, қайда барамын дегізбедің. Сендей қамқор жан ешқашан менде болған емес. Ренжімеші, бүгін сенің тіліңді ала алмай қалдым. Неге екенін білмеймін, бүгін не алқынған кеудемді, не егіліп аққан көз жасымды тыя алар емеспін», – деп жазады Нағима Есентаева.

Есентаева ағасының жомарт жан екенін, қолда барымен әркез туған-туыстарымен, дос-жарандарымен бөлісетінін жеткізеді.

«Сұңқар құс шашып жейді,

Қара құс басып жейді.

Сауысқан тыңып жейді, – деген сөздер ойыма түсіп кетті, өйткені сен біздің сұңқар құсымызсың! Өйткені сен өмір бойы Алланың өзіңе берген несібесін жеке өзің ғана жемей, жанұяңа, ата-анаға, ата-ене, ағайын-туыс, бауыр, әпке, қарындас, дос-жолдас, тамыр-таныс, көрші-қолаң – бәрімен бөлістің. Осы сөзі өтірік десе, менің бетіме келіп айтсын. Ендігі алдағы тілерім осы екі көзіңнің ағы мен қарасы ерке қыздарыңның қызығын көріп, бақытты өмір сүрсең екен», – деп ағынан жарылды ол.

View this post on Instagram

АГАТАЙЫМ МЕНIН 23-АКПАН МЕЙРАМЫНМЕН!!!!!🌟🌟🌟🌟🌟Быздiн мейрам 23-i бiз Совет Армиясында борышымызды актаганбыз деп айтады унемi Агам😊Мен унемi Куттыктайтын едiм телефонмен болсада📲Оте-оте риза болып калатын😊Сыйлыгынды кейын берем десем .Унемы маган айтатын созi cонда-Артымнан ерген ерке карындасым менын,бул омiрде сенiн барын ,аман-есен Бакытты болып ,кулып ,еркелеп артымнан ерiп жургенiн Мен ушiн улкен сыйлык -деп 😊кулiп мандайымнан иiскеп коятын😘😘😘Оййй Алланын кудыреты🙏,осы посты жазып отырсам ойлааап,Агам звондап калды😇✊🏻😀Оййй маз болганым-айййй😀😇😇😇👌Сыздердын,Ел-журтымнын,халкымнын,жерлестерымнын,туыстарымнын,барлыгынын оган Тылеулес екенын айтып улгердым✊️😀😇😘💋💋💋БАРШАНЫЗГА УЛКЕН-УЛКЕН АЛГЫСЫН АЙТЫП,САЛЕМЫН ЖОЛДАП ЖАТЫР!!!!!🙏🙏🙏

A post shared by @ nagima.yessentayeva on

Ағасының хал-жағдайын сұраған жанға ол:

“Барып тұрам, әрине, бірақ келесі кездесу 9 айдан соң ғана беріледі. Сыртынан қалын сұрап, тамағын апарым тұрамын”, – деп жазады Нағима Есентаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз