Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ким Чен Нам өліміне Солтүстік Корея билігі жауапты

Ондағы мәліметтерге қарағанда, Ким Чен Нам өліміне күдікті ретінде алынған 8 адамның төртеуі – Солтүстік Корея мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінен, ал екеуі Сыртқы істер министрлігінің қызметкері.

Естеріңізде болса, Ким Чен Нам 13 ақпан күні Куала-Лумпур әуежайында аяқ асты көз жұмған еді. Әуежайдың бейнетаспасында оның артынан белгісіз бір әйелдің құшақтап, кетіп қалғаны көрінеді. Одан кейін бетін ұстаған Ким Чен Нам күзетшілерге барып шағымданады. Олар оны медициналық пунктке ертіп әкеледі. Ол сол арада құлайды.

Малайзия дәрігерлерінің айтуынша, ажалға жүйке жүйесінің жұмысын тоқтататын у себеп болған. Қылмысқа байланысты жергілікті полиция төрт адамды тұтқындаған. Оған қоса, Солтүстік Кореяның төрт азаматына іздеу жариялады. Дегенмен, бұл елдің билігі аталған жағдайға қатысты жақ ашып мәлімдеме жасаған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз