Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Киіз үйде түнеп жүрген астаналық отбасы қыстың аязында далада қалулары мүмкін

Одан бері ЭКСПО да бітті. Алайда, Раушан Иманғалиева шиеттей бала-шағасымен әлі сол киіз үйде тұрып жатыр. Шырылдап, көмек сұраған ананың бақытына орай,

қайырымды жандар кездесіп, апатты үйдің орнына жаңа баспана тұрғызуды қолға алыпты.

Асарлатушылар 1 айдан соң, құрылыс бітеді деп жоспарлап отыр екен. Осыны жанына медеу қылған ана тоңып қалмасын деп, балаларын әзірге туыстарының жалдамалы баспанасына жіберуге мәжбүр.

“Үміт болса бәріне шыдаймыз ғой. Ең бастысы – үміт қой. Отбасымыз неше түрліге шыдағанбыз.

Енді осыған да шыдауға әзір боламыз енді”, – дейді көпбалалы ана Раушан Иманғалиева.

Ал қайырымдылық қорының басшысы өз кезегінде жұмыс ұсына алатынын айтты.

“Бізге ақша керек деп ойлайтын болса, бізде қазіргі уақытта материалдардың бәрі бар. Бізге қол көмек керек. Жұмысқа адамдар келемін десе, осы жерге келіп, өздерінің қолдарынан келгенше, жұмыс істеулеріне болады”, – дейді қайырымдылық қорының басшысы Көңілбай Шүкенов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз