Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Қызыңды өлтір деді…”. Қытайға тиген қазақ қызының әкесі ашынып, мәлімдеме жасады

310

Қызым  2012-2016 жылдар аралығында Мәскеуде РУДН-ді (Ресей халықтары достығы университеті) қызыл дипломмен тәмамдап, ІІІ дәрежелі ғылыми атақ алды. Қазақстанға келген соң оқуын жалғастырып,  Алматы қаласындағы АlmaU (Алматы Менеджмент Университеті) университетінің магистратурасына түсті. Оқу-іс тәжірибесін Лондон мен Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткізді. Осында жүріп ол жас жігітпен танысып, көңіл қосады. Сезім болады араларында. Енді ол Қытайдың азаматы екен. Екеуі 2016-2018 жылдар аралығында  АlmaU-да магистратураны оқыған ғой. Бір-бірін ұнатқан, ғашық болған. Көп ұзамай қызымыз оған күйеуге тигісі келетінін айтты.

 

https://kaz.365info.kz/massagan-talgardagy-symdykh-toj-bolmajtyn-boldy-video-320838

Әрине, ата-анасы ретінде бұған басында қарсы болдық. Бірақ екі жыл бойында біз олардың сезімінің тазалағына көзіміз жетті. Сүйіп тұр жастар бір-бірін. Одан соң қалай қарсы боламыз? Кез келген ата-ана баласына бақыт тілейді. Сүйгенін жолықтырса дейді осы өмірде. Әрине, туған-туыстар тарапынан наразылық болатынын білдік. Бірақ осындай деңгейде деп ойламаппын.

Әлеуметтік желі арқылы елдің айтпағаны жоқ бізге, тіпті туған-туыстарымыздың телефонына хабарласып, қоқан-лоқы да көрсеткен. Тіпті, бұл қоғамдық үлкен талқыға айналып кетті. Не істерімізді білмей қалдық.

Әрине, әкесі ретінде менің алдымда таңдау болды. Жастардың бақыты немесе отбасының абыройы дегендей. Мен жастардың бақытты болуын таңдадым. Әрине, менің орнымда болмаған соң ел аузына келгенін айта береді. Бірақ әке ретінде маған қызымның бақыты артығырақ.

2018 жылдың сәуір айында құдаларымыз қазақтың дәстүрі бойынша аяғымызға жығылып келді. Олар 20 жыл бойына Қазақстанда тұратын, осында өмір сүріп, жұмыс істеп жатқан кісілер. Қазақтың дәстүрі бойынша Алматының бір мейрамханасында ұзату той жасадық.

 

https://kaz.365info.kz/ozderine-kharap-almaj-ma-khytaj-azamatyna-tyrmyskha-shykhkhan-khyz-shyndygyn-ajtty-321666

«15 маусымнан бастап әлеуметтік желілер арқылы (Facebook, Инстаграмм, Whatsapp) біреулер менің таныс, таныс емес адамдарына звандап, қоқан-лоқы көрсете бастады. Осы күнге дейін қоғам тарапынан бұл жайт әлі де талқыланып, жаман сөздер тыйылар емес. Тіпті, менің үрім-бұтағыма дейін қарғап жатыр. Біздің қарсылығымызға қарамастан жекелей фото мен видеоларымыз да тарап кетіп жатыр.

Менің бір таң қалатыным, еліміздің кейбір беделді азаматтары (Қазақстанның зиялы қауымы, өнер адамдары) осы ұлтараздық мәселені қоздырып, оны одан сайын үрлеп отырғаны. Олар сөйтпесе құда да тыныш, құдағи да тыныш. Бұл әңгіме тез басылар еді.

Сүйіп қалған қызымды өз ғашығына, қытай азаматына бере отырып, 130-дан аса ұлыс тұратын ҚР азаматтарының қалай беделіне нұқсан келтіріп жатырмын, осы жағы маған мүлде түсініксіз. ҚХР халқы Қазақстан азаматтарының жауы ма сонда? Әлеуметтік желідегілер осылай дейді. Өзіңіз ойлаңызшы, Қытайда 1,5 млн қазақ тұрады. Қазақстанда менің қызым тұрмысқа шыққанға дейін 2010-2016 жылдар аралығында 253 қазақстандық қыз қытай азаматына күйеуге тиген. Одан бөлек 277 Қазақстан азаматы Қытайдан қыз алған. Сөйте тұра бізге неге бас салады?

Жалпы, меніңше, біздің жайды пайдалана отырып, ел мен ел арасында, ұлт пен ұлт арасына іріткі салғысы келетін бір үшінші тарап бар секілді. Соған еріп кететін тобыр болмауымыз тиіс қой.

 

https://kaz.365info.kz/khaptap-zhyr-khazakh-khyzyn-khytajga-bermej-khojgan-erkektin-kim-ekeni-belgili-boldy-video-321566

Бәріміз де ата-анамыз. Бәріміз де ұл тәрбиелеп, қыз өсіріп отырмыз. Қайдан білесіздер, балаңыз ертең кімге ғашық боп қалатынын. Бәріміздің тағыдырымыз бір Алланың қолында. Кез келген ата-ана баласы үшін суық суға да түсіп, ыстық отқа күюге дайын.

Бәрінен жаныма батқан желідегі мына сөз болды:

„Өйткен қызыңды өлтіріп, бас тарт одан„ деген. Олай етпеймін, олай ете де алмаймын. Ал осыны айтып отырғандар басыңызға осындай күн туып жүрмесін, байқаңыз. Не айтсаңыз сол келеді деген бар. Мені сөге жамандамаңыздар. Бір Алла ғана шешеді бәріміздің тағдырымызды», – дейді Асқар Бағытұлы.

https://kaz.365info.kz/shalkhyp-zhyrim-khytajga-eki-yl-tuyp-bergen-khazakh-khyzy-rahat-omir-keshude-foto-309105

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз