Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қызылордадағы атыс: бір адам жарақат алып, қылмыстық іс қозғалды  

Сонымен қатар, брифингке облыстық медициналық орталығы директорының міндетін атқарушы Қанат Жундабеков, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Ерташова және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев қатысты.

Баспасөз мәслихаты

– ҚІІБ кезекші бөліміне Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында  бұзақылық  орын алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекеті анықталды.

Нәтижесінде, қаланың 1 тұрғыны дене жарақатымен облыстық медициналық орталыққа (ОМО) жеткізілді.

Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 259 бабы, 3 бөлігі, “бұзақылық” фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда, күдіктілер, бұзақылық әрекеттің мүшелері ҚІІБ жеткізілді, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты мәліметтер жария етілмейді”, – деді ОІІД бастығының орынбасары Н. Анарбаев.

https://kaz.365info.kz/akhtobede-bolgan-atys-turaly-zhana-derek-shykhty-306755

ОМО директорының міндетін атқарушы Қанат Жундабековтің айтуынша, зардап шеккен азамат облыстық медициналық орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі кезде оған ота жасалуда.

– Науқас облыстық медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді. Дереу қабылдау бөлімінен жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Сол мезетте “іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалған» деген диагноз қойылды. Дәл қазіргі кезде науқасқа ота жасалып жатыр.

Оның жағдайы кейін белгілі болады”, – деді ОМО директорының міндетін атқарушы Қанат Жундабеков.

https://kaz.365info.kz/almatyda-y-atys-bir-ylmysker-ol-a-t-sti-215300

Айта кету керек, аймақ жастары арасында қылмысты және басқа да әрекеттерді болдырмау мақсатында білім, жастар саясаты мәселелері басқармалары жергілікті полиция қызметімен бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мәселен,  әр сенбіде жастар көп шоғырланатын орындарда “Стоп – қылмыс”  атты рейдтер ұйымдастырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз