Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қызылордада бір бөлігі опырылған жатақхана сүрілетін болды (фото)

Естеріңізге сала кетсек, 28 ақпан күні Қызылордада Титов тұрғын ауданы 16А жатақхананың бос тұрған бір бөлігі опырылып түскен. Өзге бөлігінде тұрған 46 отбасы эвакуацияланды.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындар 6 айға уақытша баспанамен қамтамасыз етілді, қаржысы жергілікті бюджеттен бөлінеді. 1-2 күннің ішінде олар толығымен пәтерлерге көшіріледі.

Аталған жағдайға байланысты құрылған арнайы комиссия отбасыларды заң талаптарына сәйкес баспанамен қамту үшін әр жанұяның жағдайын зерттеп жатыр. Сонымен қатар, құлаған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылданды. Бұл жағдай облыс әкімдігінің жіті бақылауында.

Бұдан бөлек, бүгін, 2-наурызда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы жатақханалардың жағдайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Комиссия жұмысының нәтижесі 12-наурызда белгілі болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз