Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қызылорда облысы әкімдігі басқармасындағы бірнеше басшы ауысты

409

Мұрат Даулетбахов 1966 жылы туған. 1994 жылдан бері әскери қызметте. 2013 жылдан бастап осы кезге дейін Жамбыл облысы қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары болған.

Сондай-ақ облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Әбдіхалықов Ержан Қыпшақбайұлы тағайындалды.

Ержан Әбдіхалықов 1982 жылы туған. Алматы энергетика және байланыс институтын «инженер-энергетик» және «жылу энергетика магистрі» мамандықтары бойынша бітірген. 2016 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.

Ал облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы болып Ідірісов Бақытжан Жеткерұлы тағайындалды.

Бақытжан Ідірісов 1971 жылы туған. Қызылорда педагогикалық институтын «биология және химия пәнінің мұғалімі», сондай-ақ Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономика және бизнес бакалавры» мамандықтары бойынша бітірген.

2012-2014 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ мұрағаттар және құжаттама басқармаларында басшының орынбасары қызметтерін атқарған.

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз