Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
2
USD
424
-1.11
EUR
498
-0.80
RUB
5.82
-0.03

Қызыл мәртебесі бар заң бұзушыларды ұстамаймыз, бірақ айыппұл саламыз  – шенеунік

166
Ашық

Өткен тәулікте Қазақстанда 7 235 ковид науқас анықталды. Көрсеткіш азайғанымен, әлі де жоғары. Кәсіпкерлік нысандарға қатысты шектеу шараларына қарамастан төмендеген жоқ. Атап айтқанда, мекемелердің жұмыс уақыты қысқартылды. Барлық жерде Ashyq қосымшасы арқылы QR кодын сканерлеп кіруге болады. Бұл адам денсаулығының мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді. Егер қызыл түс болса – азамат вирус жұқтырған, демек 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынады.

Жүйені айналып өтеді

Бірақ айыппұл барлығын қорқыта бермейді. Кейбіреулер өздерінің науқас екенін, демек жұқпалы ауру екенін біле тұра, оқшаулануы тиіс екендігін ойламайды. Ал біреулер Ashyq-тағы жасыл мәртебені жоғалтпау үшін ПТР жасауға асығар емес. Бірақ бұл жағдайда асқыну қаупі жоғары, себебі адам тиісті ем қабылдамайды.

Тесті оң  көрсеткен кейбір адамдар Ashyq жүйесін айналып өте алады. Науқастар Ashyq-сыз жұмыс істейтін дүкендерге немесе бизнес иелері QR код сканерлеуді қадағаламайтын жерлерге барады

Сондықтан бизнес үшін ынталандыру шаралары да енгізілді. Ashyq арқылы көп адам барған кейбір нысандарға “Ashyq көшбасшысы” мәртебесі берілді. Ол нысандарға 20:00-ден кейін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бұл жүйеге аса мән бермейтін мекемелер үшін олардың жұмыс уақыты қысқартылды. Бұл арада «Ашық көшбасшысы» ұғымы көпшіліктің көкейінде сұрақ туғызады. Қалайша көп адамның келуі қауіпсіздіктің кепілі бола алатыны түсініксіз.

Кейбіреулерде әділетсіздік деген сезім пайда болады. Мысалы, шағын кофеханалардың иелері «көшбасшылыққа» өте алмағандарына шағымданады, өйткені олар бұл қосымша арқылы тұтынушылардың қажетті санын толтыра алмайды.

Өздері кінәлі

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда Ashyq-қа қатысушы 18 мыңнан астам нысан бар. Оның 4 777-і Алматыда.

Барлық мекемелерге әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, келушілер саны 50%-дан аспауы керек деген талаптар бар. Егер объект “Ashyq көшбасшысы” болса, бұл оның осы ережелерді бұзуына болады дегенді білдірмейді

– “Көшбасшы” емес мекемелер бірер сағат аз жұмыс істейді. Егер бұл жүйе бірер күн бұрын ғана енгізілсе, қазір шағымданып жатқан кәсіпкерлерді түсінер едім.

Бірақ Ashyq ақпан айынан бастап жұмыс істейтіндіктен, бастапқыда сканерлеуді ерікті түрде жүргізіп, оған қатысқан мекемелер мамыр-маусым айларында қажетті көрсеткішті жинады. Мұнда жинақтау принципі қолданылады

Мекемеге кіре берісте сканерлемей-ақ кіре беруге болады, бұл тек тек ресми есеп беру, мониторингтік топтар үшін ғана деп айтқан кездер де болды. Оған ешкім көңіл бөле қойған жоқ , – деп атап өтті ол.

Қызылдар мен сарылар

– Садвакас Нагметуллович, дүкенге немесе кафеге барған келушіде қызыл мәртебе анықталған кезде не болады?

– Оларды ешкім ұстамайды, кейін айыппұл салады. ПТР-тестілеуден өткендердің нәтижелері автоматты түрде Ashyq-пен біріктірілген Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Тиісінше, ПТР-мәртебесі осы жүйеде ақпараттық із қалдырады – оң немесе теріс.

Егер ПТР-тест оң болса, мекеменің кіре берісінде сканерлеу кезінде оның смартфонында қызыл мәртебе көрсетеді. Байланысы болса – сары түс шығады

Егер қызыл мәртебе анықталған жағдайда айыппұлдан қаша алмасаң, онда сары мәртебесі бар адам алдымен ескерту алады. Өйткені, ол 14 күндік үй карантинін сақтауы керек. Карантин бұзылса және жүйеде тағы да пайда болса, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады, — дейді Байғабылов.

– 2021 жылдың сәуірінде науқаспен байланыста болған адамдарға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға шығуға рұқсат етілген, бірақ басқа қоғамдық орындарға баруға тыйым салынатындығы туралы ақпарат болған. Қазір жағдай өзгерді ме?

– Сары мәртебесі бар адамдарға 14 күн бойы қандай да бір орындарға баруға тыйым салынады.

Шақырады немесе келеді

– Оқшаулау режимін бұзған қызыл және сары мәртебесі бар адамдарға айыппұл салу рәсімі қалай жүргізіледі?

– Ashyq жобасына қатысатын әрбір мекемеге телефон нөмірі беріледі. Олар қызыл немесе сары мәртебесі бар осындай адам келді деп жазады.

Мекеме басшысына мұндай келушілермен жанжалдасудың қажеті жоқ екенін түсіндірудемін. Себебі смартфондағы скринді  көрсететіндер де бар, қашып кететіндер де бар. Оларды қуып жетіп, ұстаудың қажеті жоқ екенін түсіндірдім

Егер адам өзінің мәртебесін көрсетпесе, онда ештеңе етпейді. Жүйеден күн сайын қызыл және сары мәртебесі бар келушілер анықталып отырады.

С. Байғабылов. Фото: Sputnik Казахстан

Онда қызыл мәртебе көрсеткен жеке тұлғаның деректері, ЖСН, уақыты көрсетіледі. Тиісінше, 14 күндік карантин аяқталғаннан кейін қызыл мәртебесі бар адам СЭС органдарына шақырылады. Сол кезде әкімшілік іс жүргізуді бастайды: хаттама жасалады, түсініктеме жазылады және айыппұл салынады. Келіскен жағдайда қысқартылған тәртіппен азамат 15 АЕК төлейді.

Қанша рет бұздың, сонша рет төлейсің

— Кейбір жағдайларда біздің мамандар 14 күндік оқшаулау кезеңінің аяқталуын күтпей, қызыл мәртебе көрсеткен адамға өздері барады. Олар обаға қарсы костюмдер киіп, үй карантинін бұзған субъектінің тұрғылықты жеріне барады. Бұл жағдайда хаттама үйде жасалады.

– Қандай жағдайда айыппұл үйде жазылады? Бұл қызыл мәртебесі бар адам мекемелерге барған кезде бірнеше рет көрсетуіне байланысты ма?

– Мұның бәрі біздің мамандардың жұмыс жүктемесіне байланысты. Бұл маңызды емес. Ал карантинді бұзушыларға келер болсақ, әрине, екі рет, үш рет қайталағандар да бар. Мұндай жағдайда бұл азаматтар айыппұлды бірнеше рет төлейді. Бізде мұндай жағдайлар болды.

Ashyq және банктер

– Желіде қызыл мәртебесі бар азаматтарға банкоматқа барғаннан кейін де айыппұл салынады деген ақпарат болды. Электрондық жүйеде транзакциялар жүрді, яғни адам оқшаулау режимін бұзды. Ол таныстарының біреуінен ақша алып беруді сұрауына болар еді.

– Бұл ақпарат жалған. Банкоматтар Ashyq жүйесіне қосылмаған. Банк операциялары бұл жүйемен біріктірмеген. Бірақ функция бар: кез-келген банктің қосымшасында, “мемлекеттік қызметтер” бөлімінде, жеке кабинетте адам өзінің мәртебесін Ashyq-тан көре алады.

Қаржылық операцияларды көрсетуге келетін болсақ, егер мұндай нәрсе болса, құқық қорғау органдары тарапынан көптеген сұрақтар туындайтын еді

Қызыл мәртебесі бар адам Ashyq орнатылған нысанда орналасқан банкоматқа, мысалы, сауда орталығына барса, бұл басқа мәселе. Бұл жағдайда оған айыппұл салынады, өйткені ол оқшаулау режимін бұзғандығы анықталды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз