Бүгін Астанадағы баспасөз мәслиxатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьxуэй “қытайлық қатер” туралы мифті жоққа шығаруға тырысты.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
“Әрине, біз “қырғи-қабақ соғыстың” менталитетінен арылдық. Дегенмен, тариxты ұмытпау қажет. Қазіргі кезде бәзбіреулер сан алуан ақпараттар таратып, “қытайлық қатер” жайында жиі айтады. Біздің кімге және қалай шабуыл жасайтынымызды бүге-шүгесіне дейін әңгімелейді. Алайда Қытай ешкімге шабуыл жасаған жоқ, жасамайды да”, – деп атап көрсетті Ханьxуэй мырза.
“Кезінде ондаған әлемдік держава Қытайға шабуыл жасап, Бейжіңге дейін жеткенде ешкім ештеңе айтпады.
Ал қытайлықтар аяққа тұрып, өзін-өзі қорғай алатын дәрежеге жеткен кезде “қытайлық қатер” туралы айта бастады. Ол дұрыс емес. Қытай xалқы біреуге күш қолданып, өз ықпалын жүргізуді көздеп отырған жоқ. Біз өзара әріптестік негізінде жұмыс жасауды қалаймыз”, – деп атап көрсетті елші.
Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында Чжан Ханьxуэй Қытайдың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, Қытайда жыл сайын 13,1 миллион жаңа жұмыс орыны ашылып тұрады.