Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қызды бірден “құлатудың” үш амалы. Қазақ қызы қандай жігіттерге қызығатынын айтты

10997

Қыздар дене-бітімін айшықтай түсу үшін тар киім кигені секілді, торсы әдемі жігіттер мәйкі немесе жібек көйлек кисе, бітті дей беріңіз. Өйткені қыздардың көзі әбден шыныққан денені көргенде қыздың төсін немесе балтырын көріп қойғандағыдай жігіттің әсерінде болады, шындығында. Бұл – бір.

Әрине, ер адамның мұнтазадай талғамға сай киінгені жақсы ғой.

Соның ішінде қыздар екі нәрсеге ерекше назар аударады. Біріншісі – белбеу, екіншісі – қолсағат.

Белбеуге назар аударатын себебі, ол – іштегі престің (қарындағы шыныққан бұлшық ет) айқындаушысы.

Еркектер әйелдің төсінен соң құйрығына көзі түседі емес пе? Тек қыздар артқы емес, алдыңғы жаққа баса назар аударады.

Сапасыз белбеу белде құр бос жүріп, жіптіктей денені көрсете алмауы мүмкін. Ал сағат бұл – жігіт табысының айнасы. Әрине, өзінің қаржылық потенциалын ер азамат қымбат көлігі немесе тұрып жатқан зәулім үйі арқылы таныта алуы мүмкін. Бірақ ол екеуін үнемі өзіңізбен бірге алып жүре алмайсыз ғой. Ал сағат үнемі Сізбен бірге… Бұл – екі.

https://kaz.365info.kz/tiri-zhesir-degenimiz-kimder-seksolog-khazakh-ajelderi-turaly-shyndykhty-ajtty-262154

 

Үшіншісі… Мысалы, торс деген тырсылдап тұр, белбеу орнында, қолсағатым жаман емес. Міне, кіріп келдім. Қыздардың назары өзіңізде, келе жатырмын төрге қарай деңіз. Тіпті, өзіңізге анталаған жанарлардан бір-екі қыз қызғанып үлгерді дей беріңіз. Топ қыздың жанынан өттіңіз. Ал олар енді нені байқауға тырысады деңізші? Таң қалмаңыз, иісіңізді. Өйткені ол оған сол сәттегі ең „доступный„ нәрсе.

Арзан дезодорант немесе сасық одеколон сепсеңіз, бағанадан бері жинаған әбүйіріңізден айырылдым дей беріңіз. Қыз баласы басқа-басқа екі нәрседен қателеспейді: қолсағаттың құнын, маркасын, тіпті қай жерден оны сатып алғаныңызға дейін біліп тұрады, содан соң иіссудың иісінен фирмасы, тіпті оның қандай мағына беретініне дейін хабардар.

Негізінен, жақсы иіссулар арзан болмайды, одан соң иісі мүңкімейді. Өте қатты жақындағанда ғана оның иісін анық аңғаруға болады. Бүкіл фишка да осында.

Иісті сезу үшін қыздар байқамағандай жігітпен соқтығысқан болып, сүйкесе кетеді. Содан келіп, қалған қыздарға оның не сеуіп алғанын айтып береді, біле білсеңіз.

Мысалы, темекі мен кофе иісі аралас иіссуды, неге екенін білмеймін, көбіне оны темекі шекпейтін жігіттер таңдайды. Бұл іскерлік кездесулерге арналған, мүмкін іскерлік кездесуден келе жатыр деп ойлап қалсын дейтін шығар).

https://kaz.365info.kz/mysylmandarga-dzhinsy-shalbar-kiyuge-bola-ma-261382

Бұл бірден өзіңізге назар аудартудың ғана үш амалы. Бірақ қыз оларға алданып қарағанмен, одан соң қарым-қатынастарыңыз әріге жалғасады ма? Ол жағы 90 процент өзіңізге байланысты. Дөрекі сөзіңізбен немесе комплексный күлкіңізбен, тағы болмаса үтір, нүктесі жоқ бір сарынды ызыңдаған дауысыңызбен бойжеткенді шошытып алуыңыз әбден мүмкін ғой. Қалай дегенмен де қандай жағдайда болсын, адам болып қалғаныңыз дұрыс қой. Өйткені адамгершілік деген өлшеусіз, баға жетпес құндылық.

Қаламқас Серікқызы, Facebook-тегі жеке парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз