Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Қызбен емес, еркекпен болғым келеді. Көршінің ұлы қалай бұзылды?

1076

Дау мынадан туған: әлгі отбасындағы ұл тек гейлер ғана жиналатын түнгі клубтарға баратын көрінеді. Тіпті

сол жерде гейлердің «ұрғашыларымен» төсектес болып, құмарын қандырады екен.

Мұны әлгі жігіттің жақында үйленемін деп жүрген қызы, жігіттің әке-шешесіне келіп айтыпты. Қыздың айтуынша, әлгі жігіт

«сенімен жатқаннан гөрі, гейлермен «төсектес» болған ұнайды. Соларға аңсарым ауып тұрады»

дейтін көрінеді.

Мұны естіген әкесі ұлын көкала қойдай қылып сабапты.

Шешесі «бойына жын кіріп кеткен шығар» деп, ұлын біресе молдаға, біресе психологқа сүйреп жүр.

Көрші жігіт айтады әлгі жігіттің әкесі үйге келіп сырын айтып, «п*дор** ұлым болғанша, жезөкше қызым болғаны жақсы еді» деп жылаған көрінеді.

Міне, баланы бетінен қақпай, барын кигізіп тым әлпештеп өсіргеннің кесірі.

Қазір көрші үйдегі бала секілді гей клубтарға баратын жасөспірімдер көбейіп кеткен секілді.

Жақында әлеуметтік желіден мына бір жазбаны оқып қалдым. Тіпті сұмдық. Онда былай деп жазылған екен:

«Алматыдағы байдың балалары бір «ермек» тауып алыпты. Мода дейсіз бе оны, тренд дейсіз бе, сондай бірдеме. Күнде кешке жақын бәрі бас қосып, гей клубқа барады екен. Оны маған бір байдың шопыры болған жігіт айтып берді. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де сол. Бізге аса көп байқалмайтын шығар, бірақ кейінгі кезде қоғамда осы гомолобби күшейіп барады. Жастардың көп уақыты интернет клубта өтіп жатыр. Сол жердегілердің тең жартысы порно көріп отырады. Ал оның тең жартысы гомосексуализмді жасырын насихаттайтын порнолар. Қазіргі жастар гейлерге баяғыдай біз сияқты жиіркеніп қарауды қойып, оны қалыпты нәрсе секілді қабылдап, гейлерді «түсінуге» тырысатын болды. Байдың гетеросексуал балаларының ермек үшін гейклубтарды жағалап кеткені содан ба деймін.

https://kaz.365info.kz/ojnap-zhyrip-gej-bolyp-khaldym-khazakhstandykh-kogildirdin-angimesi-269489

Баяғыдай қызға қырындамай, еркекті «көргісі» келетін мода шықты.

Қыздардың да жігіттермен қол ұстасқанды қойып, қыздармен сүйісіп отырғанын жиі көретін болдық. Ал түнгі клубтардағы жағдай одан бетер сорақы. Сарыағаштағы оқиғаның астарында да осындай тенденция жатқан сияқты. Әйтпесе сол балалардың біреуі болмаса да біреуі ойлануы керек еді ғой. Мүмкін олар да порнодан көргенін істеп жүрген шығар, қайдан білесің?! Бұған сол төрт-бес баланың проблемасы сияқты емес, қоғамдық дерт секілді қарау керек шығар.

Алматының бір өзінде бес-алты гей клуб бар екен. Мүмкін, одан да көп шығар, білмеймін».

Осыны оқып шығып көрші үйдегі баланың болашағын ойладым.

Гейлермен төсектес болып, санасын бір «төңкеріп» алған бала алдағы уақытта дұрыс азамат болып шыға ма?

Әлде, еркек деген аты санда бар, бірақ санатта жоқ көп шіріктің бірі болып қала ма?

Білмедім.

Бұл жағдайды қоғам болып талқыға салатын кез жеткен сияқты.

Қанат Байбатыр

https://kaz.365info.kz/kyjeuim-gejdin-yrgashysy-bolyp-shykhty-250142

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз