Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
19
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Қытаймен мәңгілік достық қана қазақ халқының мүддесіне сай келеді – Тоқаев

ҚХР-ға алдағы аптадағы мемлекеттік сапарының қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдің CCTV телеарнасына сұхбат берді. Ол Leaders Talk бағдарламасының сұрақтарына жауап қатты.

Қытайлық тележүргізушіні оның әділдікті темірқазық еткен “Жаңа Қазақстанды” құру бастамасы қызықтырды. Бірақ Жаңа Қазақстан елді қайда апарады? Тоқаевтың басқару философиясының мәні неде? Бұл сұраққа жауап берген Қасым-Жомарт Кемелұлы Жаңа Қазақстанның да сыртқы саясаты бейбітсүйгіш болатынын нықтады.

Айта кету керек, кезінде бірінші Президент Н.Назарбаев Астананы “жаһандық форумдардың ордасына” айналдыруға тырысты. Осы мақсатта ел бюджетіне қымбатқа түскен ЕҚЫҰ саммитін, Азиаданы, ЭКСПО-2017 көрмесін, түрлі халықаралық жиындарды ұйымдастырды. Жаңа Қазақстан діндер съезінен басқасын доғарды. Сонымен бірге Астана аймақтағы әлдебір қақтығыстарда арағайын болып, жауласқан тараптарды бітістіруге бұрынғыдай құлшынбайды. Бірақ бұл республиканың барлық халықаралық үдерістерден тыс қалатынын білдірмейді екен.

“Мен елімнің Еуразиялық континентте болып жатқан процестердің қайнаған ортасында болғанын қалаймын. Қазақстан сауда жолдарын, әлемнің осы бөлігіндегі халықаралық қатынастарды жолға қоюда өте маңызды рөл атқарады. Қазақстанның болашағы жарқын болуға тиіс деген сенімдемін. Міне, сол себепті Қазақстанның озық дамыған экономикасы бар алдыңғы қатарлы ел ретінде дамуына барлық күш-жігерімді бағыттайтын боламын. Қазақстан бітімшіл сыртқы саясатты жүргізуде табысқа жетеді. Біздің тарихи тағдырымыз – бейбітсүйгіш болу, барлық елдермен, бірінші кезекте жақын көршілермен достық қатынастардан пайда табу болады. Мұнда Қытай төтенше маңызды рөл ойнайды”, – деді Қазақстан Президенті.

Қытай журналисі қазақ-қытай қарым-қатынастары “жан-жақты қамтитын стратегиялық серіктестік” ретінде сипатталатынын айта келе, осы терминді қалыптастыруға Қасым-Жомарт Тоқаевтың ықпал еткенін білгенін жеткізді. Бірақ бұл терминнің астарында не жатыр? Қазақстанның сыртқы саясатындағы шығыс алпауыттың рөлі қандай?

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай сыртқы саясатымызда “өте маңызды рөл атқаратынын” қадап айтты. Осы орайда ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен “қос халықты жақындастыру саясатын жүргізуге уағдаласқанын” мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз