Ақтөбе облысында қытайлық инвестордың қатысуымен құны 150 миллион доллар болатын ферроқорытпа зауыты салынбақ. Облыс әкімдігінің мәліметінше, Шанхай қаласына сапар барысында Ақтөбе облысының делегациясы облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовтің бастауымен бірқатар қытайлық компаниямен келіссөздер жүргізген.
Жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша Suzhou Hunan New Materials компаниясымен Ақтөбе облысында құны 150 миллион доллардан асатын ферроқорытпа зауытын салу жөніндегі рамалық келісімге қол қойылған.