Қытайда Димаштың атымен енді ұшақ шығады екен.
TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге жеке тапсырысқа арнап, ұшақ шығаратын болыпты.
Бұл туралы Димаштың PR-менеджері Алпамыс Шәрімов Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
«Бұл ұшақ “Moonlight blade” онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға “Уақыт-теңіз” атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Пекинге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың суреті бейнеленетін болады. Үлкен әуе кемесі енді Димаштың атымен брендке айналмақ! Барша Димаштың жанкүйерлеріне, Dears, құтты болсын!», деп жазады Алпамыс Шәрімов.