Ресми деректер бойынша, 9 айдың қорытындысы бойынша өнім экспорты 35,3 млрд долларды құрады.
Алайда, бұл әлі де төмен көрсеткіш болып қала береді. Салыстыратын болсақ, бірінші жартыжылдықта экспорттың орташа айлық көлемі 4,3 млрд доллардан асты.
Дәстүрлі түрде экспорттың жалпы динамикасы мұнай саудасына байланысты. Қыркүйек айында шетелге 5,1 млн тоннаға жуық мұнай сатылды. Бұл тамызбен салыстырғанда төмен көрсеткіш, ол кезде 6,3 млн тонна шетелге жөнелтілген еді. Бірақ сатудан көбірек пайда түсті, 1 миллиард 576,9 миллион доллар. Ал бір ай бұрын 1,34 миллиард болған еді.
Осылайша, бір ай ішінде экспорттың орташа бағасы 45%-ға, тоннасына 212,5-тен 307,2 долларға дейін өсті. Осының арқасында мамыр айынан бастап ең үлкен айлық табысқа қол жеткіздік.
Тамыз айында қазақстандық мұнайдың негізгі сатып алушылары болған төрт ел мәмілелердің нақты көлемін қысқартты:
Қазақстанда банктерді жабудың соңы неліктен қылмыстық іспен аяқталады?
Мұндай жағдайда экспортты кімдердің есебінен өсіруге болады? Бірінші кезекте Еуропа елдерінің есебінен. Қыркүйек айында Грецияға мұнай сатудан 165,4 миллион доллар пайда көрдік (тамыз айымен салыстырғанда 83,4 миллион долларға артық).
Финляндияға (63,8 млн), Польшаға (34,2 млн) және Болгарияға (22,9 млн) жеткізу басталды – тамызда Қазақстан бұл елдерге мұнай сатпаған еді.
Сатудың кейбір дәстүрлі бағыттары бойынша сату көлемі артты, олар: Франция (120,2 млн, + 71,5 млн), Румыния (137,9 млн, +58,3 млн) және Испания (75,4 млн, + 49,1 млн).
Бір айдың ішінде Үндістанға жіберілетін экспорт көлемі ең жоғары деңгейге жетті. Қыркүйек айында мұнайды сатудан 116,1 миллион доллар табыс түсті, бұл тамыз айымен салыстырғанда 10 есе көп.
2020 жылдың 9 айында Қазақстан шетелге 55 млн тонна мұнай саттық, бұл 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деңгейден 7,6%-ға артық. Бұл ретте сатудан түскен түсім әр тоқсанға шаққанда өткен жылғы 24,9 млрд доллармен салыстырғанда 18,7 млрд долларға төмендеді. Ағымдағы жылы шетелге 3,9 млн тоннаға артық мұнай сатылғанымен, түскен пайда 6,2 млрд долларға кем болды.
Қыркүйек айында республиканың негізгі экспорттық тауарларының қатарына күтпеген жерден «жер үсті көлігі құралдары, ұшу аппараттары, жүзу құралдары және көлікке қатысты құрылғылар мен жабдықтар» қосылды.
Бір айдың ішінде сатылымның жалпы көлемі 120,4 млн долларды құрады – өткен 8 айда мәмілелердің жиынтық көлемі 379,1 млн долларды құрады, бір қызығы, қазақстандық көліктің негізгі сатып алушылары АҚШ (35 млн доллар), Нидерланды (39,7 млн) және Өзбекстан (12,9 млн) болды.
Бұдан басқа: