Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда банктерді жабудың соңы неліктен қылмыстық іспен аяқталады?

372
Дереккөзі — abctv.kz

Tengri Bank мәжбүрлеп таратылғаннан кейін бірден құқық қорғау органдарында бұрынғы топ-менеджерлерге қояр сұрақтар пайда болды. Олар 5,4 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді.  Қазақстандық басқа да банк брендтері шамамен осындай сценарий бойынша құлдырады.

Кейбір жағдайда клиенттердің ақшасы мен жауапты қызметкерлердің бостандығы бірігу немесе сатып алу арқылы шешілді. Алайда, бұл қаржы реттегіші қайда қарады деген ең маңызды сұраққа жауап бермейді.

Қазақстандағы EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының талдаушысы Андрей Чеботарев күмәнді банктік мәмілелерді жасалуының жолын кесу мүмкін емес,  қаржы реттеушісінің ондай мүмкіндігі жоқ деп есептейді.

Сенім, тек қана сенім

— Қазақстандағы қаржы қызметі реттелетін қызметтің бірі. Дегенмен, жыл сайын бір банктің банкрот болғанын, ондағы қызметкерлердің қамауға алынғанының куәсі болмыз. Онымен алдын-ала күресу мүмкін емес пе?

Ұлттық банк кімнің мүддесіне қызмет етеді? — Своик

— Реттеушінің қадағалап отыруы жеткіліксіз. 2019 жылғы 1 қаңтарда заңнамаға түзетулер енгізілді, мемлекет тәуекелге бағдарланған қадағалауға көшті, реттеушінің өкілеттіктері кеңейтілді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық Банктен банктерді қадағалау функциясы алынып тасталды. Заңнама жақсарды.

Өкінішке орай, банктердің құлдырауына үлестес тұлғаларға берілетін несиелер себеп болды. Топ-менеджерлер өздеріне-өздері несие берген жоқ. Көбінесе күмәнді несиелер акционерлердің қысымымен берілді. Мұндай мүмкіндіктерді барынша азайту үшін заңнамаға енгізілген түзетулер үлестестік тізімін кеңейтті.

2019 жылға дейін реттеуші несиелік шарттардың араласуға құқылы емес еді. Басқаша айтқанда ол банк қызметкерлерінің адалдығына сүйенді,

Ал олар бәрін дұрыс және тәуекелдерді ескеріп жасадық деп сендірді. Кейін іс пен сөздің сәйкес емес екені белгілі болды.

Андрей Чеботарев

Бизнес жұмыс істеп жатқанда, олар оны мүмкіндігінше азырақ тексеруге тырысады. Ал ол жабылған кезде ғана себептерін анықтай бастайды. Бұған дәрігерлердің  бәрін «өлікті сойғаннан кейін көреміз» деген әзілі сәйкес келеді. Өкінішке орай, мұндай банктердің ісін қарау

аффилиирленген тұлғаларға несие беру негізгі проблема екенін көрсетті

2019 жылдан бастап бұнымен күресе бастады.

Бірнеше банк банкрот болады, бірақ солай болғаны тегі жақсы — Наурызбаев

Tengri Bank-ке қарсы қылмыстық істі бақылау өте қызықты болмақ. Себебі бұл жаңа ережелер қабылданғаннан кейін құлаған алғашқы банк. Реттеушінің бақылауы жетіспеді ме, әлде күмәнді мәмілелер 2019 жылға дейін жасалды ма,  тергеу көрсетеді. Дегенмен, бұл банктің проблемалары бұрыннан болған.

Әр келісімді оқып отырмайсың

Мәселелер баяғыдан басталса, реттеуші неге назар аудармады және ұрлыққа жол берді?

— Реттеушіні әр мәмілені тексеруге мәжбүрлеу мүмкін емес. Бұл әділет министрілігінің жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатудың әр мәмілесін тексергенімен бірдей.

Банкроттыққа алып келген мәмілелер іс жүзінде өте жақсы көрінеді

Келісімдер акционер басқармаға 0,5%-бен несие беруді бұйырған соң жасалған жоқ. Көбінесе кепілдер дұрыс бағаланбайды. Мысалы, учаске немесе үй 100 млн теңгеге бағаланады, ал іс жүзінде оның бағасы 5 млн. Қарыз алушы төлеуді тоқтатқан кезде барлығы айдан анық болады. Алайда 95 млн теңге қайтарылмайды. Сондықтан кепілдерді сапалы және адал бағалау өте маңызды.

2019 жылы Қазақстанда активтердің сапасын бағалаудың қымбат рәсімі (AQR) өткізілді. Бірақ соған қарамастан Tengri Bank құлады.

— Бұл банк AQR-ден өтпеді, ол өте кішкентай еді. Алайда, қалған банктерді тексеру кепілдерді бағалаудың сенімділігі тұрғысынан сәйкессіздіктердің бар екенін көрсетті.

Реттеуші  осы сәтті үнемі қадағалап отыруы үшін  банктердің құлдырауына дейін оның штаты бүкіл банк жүйесіндегі банк қызметкерлерінің санына сәйкес келуі керек

Бұл мүмкін емес және әлемде еш жерде жұмыс істемейді. Сондықтан қатал шеңбер  банктер өз жобаларын қаржыландыру үшін құрылады, содан кейін олар банкротқа ұшырайды.

Яғни  ақша жымқырғаны үшін қамауға алынған  банк қызметкерлері кінәсіз бе? Акционерлерді «жауапқа тарту» керек пе?

Ұлттық банк арзан ақша бермейді: Қазақстан мен Ресейдегі инфляцияның айырмашылығы неде?

Әрқашан олай емес. Иә, бір жерде акционерлер топ-менеджментке қысым жасайды. Банк ісіне араласатын акционерлер бар. Дивидендтерін алып, тоқсанына бір рет кездесіп, стратегиялық шешімдер қабылдайтындары да бар. Сондықтан түрлі жағдай болады.

Ең бастысыреттеуші күмәнді мәмілелерді көре алмайды, өйткені әрбір шартты көтеріп, тексеру қажет. Қазір ол кімге несие берілгенін біліп, жаңа өкілеттіктердің көмегімен талдау жасай алады. «Дәлелді бағалау» деген ұғым пайда болды. Бұл реттеуші дәлелдей алмай, бірақ оған бір нәрсе дұрыс емес болып көрінгенде, ол мәмілені тоқтатуға немесе оны тексеруге жіберуге құқылы.

Бизнес — бұл тәуекел

Банктерді жете тексермегендіктен клиенттердің үлкен қаржылық шығынға ұшырауына кім жауапты болуы тиіс? Топ-менеджерлер  түрмеде отырып шығады, бірақ ақшаны қайтармайды ма?

Қаржы жүйесі бүкіл әлемде бизнесті жүргізу қауіпті нәрсе деген қағидат бойынша жұмыс істейді. Банкке ақша сала отырып, клиент бұл тәуекелге келіседі. Егер компания банкротқа ұшыраса, яғни оның ағымдағы міндеттемелерді орындауға ақшасы болмаса,  бұл оған қызметін қайтадан бастауға мүмкіндік береді. Заңды тұлға банкрот болып,  мүлкін сатқаннан кейін барлығына қандай да мөлшерде қарызын қайтарады. Екінші жағынан, қарызды мәңгі сақтауға болады. Бірақ банк бұдан былай жұмыс істемейді және топ-менеджерлер  осынша қаржыны өмір бойы жұмыс істесе де таба алмайды.

Бақытымызға орай, банкротқа ұшыраған қазақстандық банктердің, яғни заңды тұлғалар  клиенттерінің 90%-ының ақшаларын қайтарады. Ал бизнеске әрине, оңай емес

Бірақ бұл елордадағы LRT жобасының құрылысы секілді емес. Онда таратылған Астана Банкінде 180 млрд теңге ізім-ғайым жоқ болып кетті. Бірақ бюджет тағы қаржы бөлді.

Жеке бизнестің ақшаны жоғалтуыкүрделі мәселе. Ол тіпті басқа бизнестердің банкротқа ұшыратуы мүмкін. Мәселен, 2019 жылы Үлкен американдық Merrill Lynch-тің құлдырауы ақшасынан айырылған басқа бизнестердің банкротқа ұшырауына себеп болды.

Сондықтан банктердің банкротқа ұшырауынан жүйені құрушылар қатты қорқады. Олардың құлдырауы экономикада проблемалар туғызады. Сондықтан банктер жиі үнемдейді, ал банкирлер оны пайдаланады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз