Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ұлттық банк кімнің мүддесіне қызмет етеді? — Своик

124
Сурет: REUTERS / Shamil Zhumatov

Бұл кімге пайдалы? Экономист Петр Своиктың айтуынша, шетелдік инвесторлар ғана пайда көреді. Сарапшының бұл қаржылық отаршылдықтың көрінісі дейді. Жеке ел экономикасының емес, әлемдік капиталдың мүдделері басты назарда болады.

Тек шетелдік инвесторлар ғана пайда көреді

Петр Владимирович, базалық мөлшерлемені төмендету керек пе? Оны неліктен осы күнге дейін төмендетпей отыр? Әсіресе қазір коронавирус пен дағдарыс  қоса келген кезде неліктен ешқандай амал-әрекет қолданылмауда?

— Не болып жатқанын түсіну үшін алдымен мәселенің түп-тамырына үңілу керек: Ұлттық банк осы мөлшерлеме бойынша базалық кредиттік эмиссияны (қолма-қол ақшасыз ақша массасының ұлғаюы) жүзеге асыра ма ?

Неліктен ставка базалық деп аталады? Себебі бұл бас банктің коммерциялық банктер арасында бөлетін бастапқы несие эмиссиясының құны. Ал екінші деңгейлі банктер өз маржасын қосып,  экономика бойынша бөледі.

Бірақ бізде олай емес, негізгі несие эмиссиясы мүлдем жүзеге асырылмайды.

Келесі сұрақ: Неліктен Ұлттық банк жоғары мөлшерлемені, кәсіпкерлерге берілетін несиенің қымбат болуын қолдайды? Әрі

теңгенің мөлшерлемесі доллармен немесе кез келген басқа валютамен салыстырғанда әлдеқайда жоғары

Дұрысында

бұл сұрақты Ұлттық банктің өзіне жолдау керек, бірақ ол оған ешқашан жауап бермейді

Тек болжам жасау ғана қалады.

Мысалы, Қазақстанда Ұлттық несие жергілікті кәсіпкерлер үшін қымбат болып қалуы үшін жоғары мөлшерлеме қолданылады.

Сонда елге әкелінген кез келген шетелдік ақша импорты коммерциялық тұрғыдан ақталады

Барлық сақтандыру және үстеме пайыздарды қосқанда да бұл ақша жергілікті несиелерге қарағанда арзан болады. Демек, Ұлттық банк жай ғана сыртқы қаржыландыруға ықпал етеді. Бұл менің нұсқам.

Жергілікті кадрлар отаршылық қаржылық саясат жүргізеді

— Бізде бағыныңқы отарлық экономика бар. Ұлттық банк басқару органы емес, ХВҚ мен жаһандық капиталдың жалпы филиалы. Осы капиталдың мүддесіне әрекет етеді. Отаршылдық эксплуатацияны Лондоннан жіберілген генерал-губернатор емес, жергілікті кадрлар жүргізеді. Олар «үздік» университеттерде оқыды, енді білімдерін жүзеге асыруда.

Қазақстандағы сыртқы монетарлық басқаруда

кредиттік немесе инвестициялық емес, теңгенің айырбас эмиссиясы ғана жүзеге асырылды

Теңге тек «жергілікті доллар» ретінде қолданылады.

— Сонымен, бұл сіз айтқан қаржылық отаршылдық па?

— ҚР Ұлттық Банкі туралы заңды ашып қарасақ болады. Оның басты міндеті — Қазақстандағы баға тұрақтылығын қолдау екені айтылған. Сонымен қатар, басқалары көрсетілмеген, демек, бұл бір ғана міндет. Олар бұл тапсырманы қандай деңгейде атқарып отыр?

Статистикаға қарасақ, бізде бағаның тұрақты емес екеніне көз жеткіземіз

Ұлттық валютаның үнемі девальвациясы (ол үшін Ұлттық Банк жауапты) — бұл инфляция импортының да, жергілікті валюта инфляциясының да  маңызды факторларының бірі. Яғни, жергілікті валюта құнын жоғалтқан кезде баға импорт пен ақшаның қымбаттауына байланысты өседі.

Қазір Ұлттық банк бағаның қымбаттауын саналы түрде қолдайды.

Бұл да болжам ба, әлде факт пе?

— Ұлттық Банк өзінің басты міндеті бойынша қандай да бір статистика жүргізуден үзілді-кесілді бас тартады. Кейде инфляция туралы мәліметтерге сілтеме жасайды, бірақ

монетарлық құрауышқа қатысты статистика да, аналитика да бермейді

Яғни Ұлттық Банктің инфляцияға қандай үлес қосатыны білгісіз. Егер үлестері нөлге тең болса немесе шамалы болса, онда, керісінше, ведомстводағылар кеудесін ұрып, барлығын дұрыс жасап жатырмыз, ал үкімет инфляцияның монетарлық емес факторларына жол беруде дер еді. Бірақ реттеуші монетарлық компонент бойынша деректерді жарияламайды.

Валюта бағамын кім ұстап отыр?

— Ал неліктен теңгенің құнын көтереді? Экспорттаушыларға, керісінше, оның төмендеуі тиімдірек деп саналады.

— Курстың құлдырауы шынымен де  экспорттаушыларға пайдалы. Қазір сыртқы экономикалық қызмет шындығында ҚР юрисдикциясынан тыс жүзеге асырылады. Яғни экспорттаушылар шикізатты статистика мен кедендік есепке алумен белгіленетін трансферттік бағалар бойынша сатады, ал бұл аралық бағалар. Олар түпкілікті тұтынушыларға емес, белгілі бір өзара байланысты тараптарға сатады. Ал бұл  ары қарай сататын біздің юрисдикциямыздан тыс тарап. Мысалы, мұнайды МӨЗ-дерге сатады және т.б.

Қайта сатудан түскен аралық пайданың кімнің қалтасына түсетінін біз тек болжай аламыз

Трансферттік бағаларды нақты биржалық бағамен салыстырып, оның көлемін  есептеуге болады.

Елге барлық экспорттық түсімді қайтармаса да болады, мұндай норма заңнамада жоқ. Тек ішкі әрекетті қамтамасыз етуге жететін бөлігін қайтарса болды. Салық пен жалақы төлеу және т.б.

Жергілікті валюта арзандаған кезде не болады? Қайтаратын қаржы көлемі де азаяды.

Валютаның девальвациясы — бұл шикізат экспортын ынталандыру тәсілі ғана емес, елге қайтарылмайтын валюталық пайданы арттыру тәсілі

Яғни экспорттаушылар пайдаға кенеледі.

Бұл сыртқы юрисдикция, сонымен бірге жалпы отарлық сыртқы эксплуатацияның құрамдас бөлігі. Бұл толығымен заңды схема.

— Онда не үшін теңге бағамын «ұстап» отыр. Мысалы, 500-ге дейін жіберсе, қосымша пайда болар еді.

— Бұл экспорттаушылардан басқа адамдарға пайдалы емес. Жергілікті валютаның арзандаса Қазақстанға әкелінетін барлық тауар қымбаттайды. Нәтижесінде ішкі өндірушілер өз өнімдерінің құнын арттыруға мәжбүр. Қазақстандаға кез келген салада импорттық өнім бар, ол тіпті 70%-дан 20%-ға дейін жетеді. Мысалы, электр энергиясын өндіруде шамамен 40%. Сондықтан егер теңге 10%-ға төмендесе, онда энергетиктерге ешқандай пайда әкелмесе де тарифтерді  4%-ға көтеруге тура келеді. Олар мұндай әрекетке шығынды өтеу үшін барады.

Сондықтан әлдебір паритетті сақтау керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз