Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Бірнеше банк банкрот болады, бірақ солай болғаны тегі жақсы — Наурызбаев

1113
Дереккөзі: pxhere.com

2020 жылдың соңына дейін отандық екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) кейбірі «банкротқа ұшырауы мүмкін», — дейді экономист Әсет Наурызбаев. Бұған дейін басқа сарапшылар да осындай пікір айтқан болатын — атап айтқанда, Арман Байғанов.

Бір доллардың құны 500 теңге — 2020 жылдың соңына дейін бұл сценарийдің орындалуы мүмкін бе?

Кәсіпкерлердің де, жалдамалы жұмысшылардың да табысы төмендегендіктен, адамдардың басым бөлігінің түрлі қарызы мен несиесін пайызымен бірге төлеуге мүмкіндігі жоқ. Бұл банк секторындағы проблемаға әкеледі.

Бұл ретте Наурызбаев барлық банкті бірдей құтқарудың қажеті жоқ деп есептейді.

Түрлі нұсқалар бар, бірақ оларды қолданбайды

— Әсет, сіз жыл соңына дейін қандай да бір банктер жабылуы мүмкін деген пессимистік болжаммен келісесіз бе?

— Ия, кез келген дағдарыс, басқалары секілді банк дағдарысына әкеледі. Шынында да адамдар кедейленіп, ақша жетіспеуде. Несиелік бизнес құлдырай бастайды, бұл қазірдің өзінде байқалуда. Ең алдымен, жылжымайтын мүлік саласы үлкен зиян шекті, көптеген жалға беру алаңы шқандай табыс әкелмей, бос тұр. Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін шаш қиюдан бастап массажға дейінгі мекемелердің бәрі жабық. Нәтижесінде несиелер мерзімінде төленбегендіктен банктер де қиындыққа тап болып, мемлекеттік қолдауды сұрай бастайды.

Бұл менеджменттің кінәсі емес, эпидемияның салдары

Өндірістер де күрделі кезеңді бастан кешуде. Көптеген экономикалық агенттің жұмысы тоқтап, олар тауарлар мен қызметтерді тұтыну көлемін азайтты, бұл өз кезегінде басқаларға да әсер етті. Сондықтан ЖІӨ-нің жалпы көлемі айтарлықтай төмендеді. Жыл қорытындысы бойынша құлдырау 10%-ға дейін жетуі мүмкін.

Қолдау болмаса (ұқыпты және нақты шаралар) көптеген бизнес құрдымға кетеді. Атап айтқанда, салалық қауымдастықтар өздерінің бағдарламаларын әзірлеуі тиіс, бірақ бізде олардың тиімділігі төмен.

— Сонда бұның бәрін болдырмау үшін не істеу керек?

— Алдымен азаматтардың төлем қабілеттілігін арттырып, сұранысты ынталандырғанымыз жөн. Сондықтан да экономистер тобы, соның ішінде мен де осы дағдарыс басталған сәттен бастап халыққа ақша таратуды ұсындық.

Аты дардай болған 42 500 теңге — бұл біз айтқан шараның өте қысқартылған түрде іске асырылуы

Ақша тарату  ең алдымен, сұранысты қолдайды, ал сұраныс шағын кәсіпорындарға қаражат әкелетін еді. Карантин енгізілген сәтте-ақ оны тез арада жүзеге асыру керек болатын.

Ұзақ мерзімді перспективада бұл әдістің  жұмыс істемейтіні түсінікті және енді сұранысты басқа нақты жолдармен қолдау қажет.

— Сонда нақты қандай шараларды айтып отырсыз?

— Түрлі жолдары бар. Мәселен, адамдарды қазіргі жағдайда сұранысқа ие басқа мамандықтарға  қайта оқытуды ұйымдастыру. Оқу процесінде стипендия төлеу. Яғни, адамдардың қолында жұмсай алатын табысы болады.

Дәрігерлерді ыстық тамақпен және қонақ үйлерде тұрумен қамтамасыз ету — бұл кафелер мен қонақ үйлерге сұранысты ынталандыру нысаны. Бірінші карантиннен кейін сұранысты ынталандырудың тікелей әдістерін жасауға жеткілікті уақытымыз болды. Өкінішке орай, ешқандай нәтиже көріп отырған жоқпыз. Бірақ біз көптеген бизнестің жабылғанына куә болдық.

Мен бизнеске қолдау болатын үлкен бағдарламаларды көрмедім. Өздерінің бизнестеріне қолдан келген көмекті аямауда, ал жаппай кәсіпкер өзі амалын табуы керек.

Әлсіздердің нарықтан кеткені жөн

— Айтпақшы, қайта даярлау бойынша қандай да бір курстар жұмыс істеп жатыр емес пе? Олар да жеткіліксіз бе?

— Қандай мамандыққа қайта оқыту керектігі түсініксіз. Адамдар жаңа нәрсені үйренсе де, бәрібір жұмыссыз қалуы мүмкін, өйткені жаңа мамандық та қажет емес екені белгілі болады.

— Егер адамдар депозиттерін шешіп алуға жүгірсе, банктерге қаншалықты соққы береді? Мен жеке тұлғалар туралы айтып отырмын.

— ЕДБ-ның жағдайы қиын болады, бірақ  мұндай жағдайларда Ұлттық Банк қайта қаржыландыру жасап, қолдау көрсетеді. Егер банктің бизнес-моделі дұрыс және ол жұмсағаннан көп табыс табатын болса, өтімділіктің ағымдағы жылыстауының орнын Ұлттық Банктің қысқа мерзімді көмегімен толтыруға болады

Сондықтан дұрыс бизнес модель таңдаған банкке ешқандай қауіп төнбейді.

— Егер банк бұндай қиындықтардан өте алмаса, ол жабыла ма?

— Негізі мен кейбір банктердің жабылғанын қолдаймын. Әлсіздердің нарықтан кеткені жөн. Қажетсіз банктерден құтылудың орнына, біз супер банк құрып, оған 8 миллиард доллар сыйладық, бұл нарықтық әрекет емес. Салық төлеушілер не себепті өздерінің ақшасын банктерді құтқаруға жұмсауы керек. Алдағы уақытта тағы да жағдай қайталанады —

билік супер банкті құтқара бастайды, өйткені ол «өте үлкен және жабуға болмайды» деп есептейді

Бірақ жабылатындары жабылуы керек.

Біреулер өтініш жасаған банктерді ғана құтқара ма?

—Егер банктің табысы жүйелі түрде аз болса, ол жабылуы керек, оны құтқарудың еш себебі жоқ. Әр ЕДБ-ның қандай бизнес-модельдерін білу — реттеушінің міндеті. Күнделікті есеп алады, онда мыңдаған мамандар жұмыс істейді, сондықтан әр банктің жағдайын жақсы біледі. Іс жүзінде жабылған банкке ақша берсе, бұл тек бөлім мен оның басшылығының біліктілігінің төмендігін көрсетеді. Менің пайымдауынша,

қазір олар шынымен қажет банктерді емес, белгілі бір адамдар нұсқаған банктерді құтқара бастайды

Біздің реттеушінің саясаты бойынша валюта бағамына көбірек көңіл бөлінеді. Алайда экономикаға арзан ақша беруге назар аудару керек. Жақында доллар қымбаттаған кезде базалық мөлшерлемені көтерді, бірақ бұндай жағдайда басқа орталық банктер оны төмендетті.

Қазір Ұлттық Банк қарыздарды барынша төмен мөлшерлеме бойынша қайта қаржыландыра бастаса, бұл бизнеске күшті сауықтыру әсерін тигізер еді. Мәселен нөлдік пайызбен қайта қаржыландырса, кәсіпкер оны біртіндеп жаба алады. Ал біздің жағдайымызда алдымен пайызын, содан кейін ғана несиенің өзін төлейді. Нәтижесінде онсыз да жабылудың алдында тұрған  бизнесте бос ақша  қалмайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз