Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Бір доллардың құны 500 теңге — 2020 жылдың соңына дейін бұл сценарийдің орындалуы мүмкін бе?

1178

Теңге құнсыздануды жалғастырады, дейді экономистер. Тек қандай жылдамдықпен және қандай шектерге деген сұрақ туындайды? Рас, ешкім бір уақыттағы құлдырауды күтпейді, мәселе «біртіндеп құнсыздану» туралы болып отыр.

Коронавирус пандемиясы басқа факторлардың қатарында отандық экономика мен валютаға айтарлықтай зиян келтірді. Халықтың кедейленуіне байланысты теріс процестердің қарқыны артуы мұмкін.

Неліктен теңге әлі де құнсыздануда?

Экономист Арман Байғанов ұлттық валюта одан әрі әлсірейді,  бірақ 500 долларға дейін жетпейді деп есептейді. Ары кетсе 430-450 аясында құбылуы мүмкін.

— Біздің валютамызға мұнайдың әлемдік бағасы ішінара қолдау болады. Жылдың соңына қарай олар өсіп, барреліне 50 долларға жетеді деп ойлаймын, —деді Байғанов.

Сонымен қатар, доллардың өзі әлемдік валюталарға қатысты құнсыздануда. Президент сайлауы қарсаңында сайлаушылар оған дауыс беруі үшін

Трамп баспахананы қосып, АҚШ экономикасына триллион долларға толтырады,

Байғанов жағдайды бағалау үшін долларға емес, еуроға қарау керек деп санайды, өйткені еуро тұрақты.

— 2020 жылғы наурызда (құлдыраудың шыңы болған кезде) доллар 460 теңге, еуро 500-ге жақын болды. Қазір доллар құлдырап кетті, біз экономикада жағдайдың жақсарғанына қуандық. Бірақ еуро сол күйінде қалды. Демек, ештеңе өзгерген жоқ,

тек доллардың өзі әлемдік валюталарға қарағанда девальвацияға ұшырады,

— деді Байғанов.

Экономист теңге әлсіреуін жалғастырады деп есептейді. Бұның бірнеше себебі бар.

— Біріншіден, Ресей рублі девальвацияға ұшырайды, ал РФ-ға біздің сыртқы саудамыздың 40%-ы келеді. Ресей экономикасының жағдайы өте жақсы емес, бұл Ресей валютасының қалай өзгеретініне әсер етеді, — деді ол.

Бірнеше банк банкротка ұшырауы мүмкін

Екінші себеп ретінде сарапшы коронавирус пандемиясын атады, ол Ресейге де, біздің экономикаға да әсер етті.

Ашық айтқанда халықты қолдау жөніндегі шаралар әлсіз және жеткіліксіз

Халықтың төлем қабілеттілігі төмендегеннен бизнесте сатылым көлемі төмеп, зардап шегіп отыр. Сайып келгенде, бюджетке түсетін салық ұлттық валютаға сұраныс және тағы басқалар азаяды.

Карантин режимі тоқтатылса да азаматтардың төлем қабілеттілігі бірден қалпына келмейді. Демек, кәсіпкерлер үлкен дағдарыста тап болады.

Азаматтардың кірістері төмендегеннен банк жүйесінде проблемалар туындауы мүмкін

— Егер кірістер азайса, қарыздары мен несиелерін кешіктіріп төлейді.  Банктерге қарыз қайтарылмаса, олар өз міндеттемелері, депозиттері және т. б. бойынша ақшаны қалай төлейді? Егер адамдар салымдарын жаппай шешіп ала бастаса, депозиттік база да төмендейді, — деді экономист.

Мемлекетке банктерді құтқарудың қажет жоқ, оларда ақша көп

Егер мемлекет көмектеспесе, бір немесе екі банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Бірақ қалай көмектесуге болады? Не ақшаны басып шығарамыз, не оны ұлттық қордан аламыз, алайда оған түсетін түсімдер де айтарлықтай қысқарғанын ұмытпауымыз керек.

—  2020 жылдың бірінші жартыжылдығында пандемияға байланысты бюджетке тікелей салықтан келетін қаржыдан шамамен 970 млрд теңгеге кем түсті. Екінші жартыжылдықта да солай болады, — деді Байғанов.

Экономикадағы мұндай жағдай валюта бағамына әсер ете алмайды.

Дегенмен, Байғановтың пікірінше,

2020 жылдың соңына дейін доллар 500 теңгеге жетпейді

Қажет болса, олар жасанды түрде 430-450 аралығында ұстайды.

Кремль деваливацияға жол бере алмайды

Бұған дейін теңгенің рубльден «алшақтауы» мүмкін деген пікірлер айтылды, яғни оның бағамы енді Ресей валютасының құнына тәуелді болмайды.

Байғанов бұл пікірмен келіспейді.

— Біз рубльден ешқашан бас тарта алмаймыз. Шекаралар ашық, Ресей экономикасы біздікінен он есе үлкен, біздің тауар айналымыздың 40%-ы Ресей Федерациясына тиесілі. Рубльдің кез келген ауытқуы бізге тікелей әсер етеді, — деді экономист.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз