Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мемлекетке банктерді құтқарудың қажет жоқ, оларда ақша көп

812
Айдархан Құсайынов

Жақында Fitch рейтингтік агенттігі қазақстандық төрт банкке қатысты теріс болжамдар жасаған еді. Мәселе «Халық банк», Forte, «АльфаБанк» және «ХоумКредит Банк» туралы болып отыр. LSM порталының жазуынша бұндай болжам жасауға коронавирус пандемиясы мен мұнай бағасының құлдырауы себеп болған. Fitch аналитиктері пандемия экономика мен қаржылық нарыққа қандай шығын әкелетінін белгісіз болса да, банктердің кредит беру қабілетін төмендетеді дейді.

Осы жаңалықтан кейін тағы біреуі пайда болды. Ол да осы салаға қатысты.  Ranking.kz  порталының ақпараты бойынша қазақстандық 13 банктің тек төртеуі ғана қарыз көлемін азайтқан.

2020 жылдың наурыз айында кредит бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешектің көлемі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,8%-ға өскен. Экономист Айдархан Құсайынов соңғы жаңалықтарда ешқандай дүрбелең тудырарлықтай себеп көрмейтінін айтты.

Пандемия емес, дағдарыс

— Айдархан, мемлекет жақында ғана банк активтеріне жүргізген тексеруін аяқтады. Қысқаша айтқанда бірнеше банктің проблемасы бар екен. Не болып жатыр? Мұның бәрі банк саласы тағы да құрдымға кетіп барады дегенді білдіре ме?

— Банктердің рейтингтерінің төмендегені заңды факт. Коронавирусқа байланысты экономикалық белсенділік бәсеңдеуде. Егер рейтингтер жоғарыласа, біртүрлі болар еді.

—Жақын арада банк жүйесі бұрынғы көрсеткіштерге қалай орала ала ма?

Бұған қатысты дүрлігудің қажеті жоқ. Біріншіден, банк секторындағы оқиғалар карантинге байланысты емес. Пандемияны экономикалық дағдарыстан бөліп алу керек. Тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің барлық елдерінде ЖІӨ өсімі төмендеуде. Мұнай бағасы құлдырауда. Екіншіден,

бұған дейін 2020 жыл соңғы 10 жылдағы өсу қарқыны бойынша нашар жыл болады деп болжам жасалған

Дүниежүзілік банк 2019 жылы экономиканың өсу болжамын төрт рет төмендетті. Ал бұл, коронавирусқа дейін болған жағдай екенін біріміз білеміз. Олар инфекциялармен емес, ең алдымен сауда соғысымен және басқа да саяси оқиғалармен байланысты.

Халықаралық Валюта Қоры Қазақстанның ЖІӨ болжамын минус 2,5%-ға дейін төмендетті. Әрине, барлық рейтингтік агенттіктер бірден банктердің қалай жауап қататынын көрді. Сондықтан, банк рейтингілерінің төмендеуі тек Қазақстандағы ғана емес, бұл әлемдегі үрдіс.

2009 жылғы дағдарыс кезінде ешқандай пандемия болған жоқ, ал жағдай бұдан  жақсы болған жоқ. Сондықтан біздің банктерді қалпына келтіру жылдамдығы туралы мәселенің жауабын бәріміз білеміз. Экономика келетін негативтің шыңы шамамен жарты жылдан кейін байқалады. Демек, әзірше банк рейтингтерінің жоғарылауына үміт артудың қажеті жоқ.

Ақша көптік етпейді?

— Банк жүйесі  — тірі организм, ол өзі де қарыз арады, клиенттеріне ақша сатады. Яғни оның жұмысы бір сәтке тоқтап қалды ма?

— Мен олай айтпас едім. Бүкіл әлем бойынша жаңа кредит беру тоқтатылғаны шындық. Бірақ жүйе жұмысын жалғастыруда. Қазір барлық елдер нөлдік ставка қоюға тырысуда. Бұл жаңадан берілетін кредиттерге емес, бұрыннан қарыз барлардың жүгін жеңілдету үшін қолданылады.

Дағдарыс кезінде жауапсыз қарыз алушылардың саны өсуде. Бұған банктер мен қарыз алушылардың оңбағандығы емес, дағдарыс себеп болып отыр

Көптеген елдер сандық жұмсарту саясатына жүгінуде. Банктер депозиторларымен есептесе алуы үшін проблемалық қарыз алушылардың дефолтты бағалы қағаздарын банктерден сатып алды.  Қазақстандағы «Проблемалы несиелер қоры» дәл осындай әрекет жасап, бір кездері «Казком» банкін құтқарды.

2020 жылы бұл оқиға қайталануы мүмкін бе?

— Қайталанбайтын шығар. Банктерге шектен тыс көмек көрсетілді, енді оларда ақша артығымен бар.  Енді олар кімге кредит берерін білмей жатыр. Үнемі ақшалай көмектескеннен бөлек, мемлекеттің теңге бағамын ұстап тұруы да ықпал етуде.

Сондықтан, банк жүйесінің тұрақтылығына қауіп төнуі мүмкін деп айта алмаймын.

— Мемлекет банктерге тағы бір рет ақша бөліп, көмектеспей ме?

— Жоқ, оларда ақша артығымен бар. Олардың рейтингінің түсуі, ақшаларының азайғанын білдірмейді. Активтердің жұмысының тиімділігі рейтингісіне әсер етеді.

Кредит депозиттерге қарағанда арзанырақ болғанда, рейтинг жоғарыламайды

Сондықтан, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендеткеннен кейін, депозиттердің мөлшерлемесі де төмендейді деп ойлаймын.

Жаңа сауда соғысы

— Соңғы уақытта реттегіш базалық мөлшерлемені көтергенін, төмендегенін айтып отырсыз ба?

— Дәл солай. Банктер жауап беруге үлгермей жатқандықтан, рейтингілері төмендеуде.

— Барлығына емес, тек төрт банкке қатысты. Олардың ішінде ең ірісі «Халық» банк екен. Бұл қалай?

— Біріншіден, оның ең рейтингісі жоғары болды. Екіншіден, оның шағын және орта бизнестегі үлесі де жоғары. Сондықтан осылай болуы қисынды.

— Кредиттер бойынша төлемді кейінгі қалдыру мерзімі яқталғаннан кейін де адамдар  қарызын төлей алмайды, сонда қарыздардың үлесі  арта түсе ме?

— Табыстан табысқа дейін өмір сүретіндердің кредитті төлеу мерзімі кейінге қалдырылды.  Қазір осы санаттағы адамдар табысынан мүлдем айырылды. Бірақ карантин аяқталған соң, адамдар бұрынғы көрсеткіштеріне  тез арада оралады. Мен таксистер, даяшылар, шаштараздар, базардағы сатушылар және т. б. туралы айтамын.

Ірі бизнесте кейбір кідірістер болады. Мәселен, мұнай-газ саласында. Ол карантиннің кесірінен емес, баррелдің бағасынан болады. Бұл нарықтың қатысушылары инвестиция салуын тоқтататын шығар. Мұнай-газ саласына қызмет көрсеткендер қиындыққа тап болады. Дегенмен бұл тар сектор болғандықтан,  экономикаға айтарлықтай әсер етеді деп айта алмаймын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз