Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ұлттық банк арзан ақша бермейді: Қазақстан мен Ресейдегі инфляцияның айырмашылығы неде?

244
Сурет: yurface.ru

Ресей мен Қазақстанда нақты пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айтарлықтай алшақтық сақталуда. Бұл Ұлттық банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясатына күмән келтіреді. Ресейге қарағанда, отандық бизнес пен халық әлемдік стандарттар бойынша арзан қарыз ресурстарына қол жеткізе алмайды.

Қыркүйек айында Ресей банкі өзінің негізгі мөлшерлемесін агрессивті түрде төмендетуін тоқтатты. Жылдық инфляцияның 3,6%-дан 3,7%-ға дейін өсуіне байланысты оны бұрынғы деңгейде — 4,25%-бен қалдырды. Бұл ретте базалық мөлшерлеме мен инфляция деңгейі арасындағы айырмашылық 0,65%-дан 0,55%-ға дейін азайды.

«Денсаулық министрлігіне барлық билік берілсін» схемасынан пайда болмады

Яғни, көрші елдегі нақты пайыздық мөлшерлеме, сондай-ақ жергілікті бизнес пен халыққа арналған қарыз ресурсының бағасы төмендеді.

Бір айта кетері, коронавирус пандемиясы мен мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, Ресейдегі айлық инфляция динамикасы өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ.

2019 қыркүйек сияқты, тамыз айымен салыстырғанда дефляция қайтадан орын алды. Яғни, тұтыну бағасы төмендеді. Бұл тағы да халыққа арналған арзан азық-түлік пен ақылы қызметтердің әсерінен болды. Бұл ретте

азық-түлік емес тауарлар өткен жылдың қыркүйегіне қарағанда қымбаттады

Азық-түлік пен баға қарама-қайшығы

Қазақстанда Ұлттық Банктің болжамдарына қарамастан, жылдық инфляция күздің бірінші айында баяулап, тамыз айындағы 7% деңгейінде қалды. Ал қараша айының басында Ұлттық Банк өзінің базалық ставкасын бұрынғы 9% деңгейінде сақтап қалуға шешім қабылдағандықтан, нақты пайыздық мөлшерлеме өзгеріссіз, тағы да 2% деңгейінде қалды.

Бұл ретте Ұлттық банк жылдық инфляцияның 8%-ға дейін үдеуін болжай отырып, өзі декларациялайтын инфляциялық таргеттеу саясатын тиімсіз іске асыратыны айқын.

Ресей Орталық Банкі бағамды  4% деңгейінде ұстап тұр. Қазақстанда Орталық банк өзі қалаған 3-4%-дық таргетке  қол жеткізуді 2025 жылға ығыстырды. Жақында инфляция дәлізін 2021 жылға дейін 4-6% сақтау, ал 2022 жылдан бастап оны 3-5%-ға дейін төмендету жоспарланған болатын. Осылайша, Қазақстанда ақшаның нақты бағасы Ресейге қарағанда жоғары болады.

Кем дегенде, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі төмен болады

Қазақстанның азық-түлік өнімдері бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде (қыркүйекте 10,8%) бұрынғысынша Ресейдегі жағдайға қарама-қайшы келеді. Қазақстанда азық-түліктік емес тауар бағасының өсу қарқыны да жоғары, көршілерде 3,8% болса, бізде 5,5%. Бір таңқаларлығы, ақылы қызметтер құнындағы айырмашылық, тиісінше 3,6% және 3,3%. Естеріңізге сала кетейік,  Елбасының тапсырмасы бойынша өткен жылдың соңында тарифтерді көтеруге тыйым салынды.

Түсініксіз табандылық

Қазақстан мен Ресейдегі нақты пайыздық мөлшерлеменің бұдан әрі қалай дамитыны осы айдың соңында белгілі болады.

23 қазанда бірінші болып Орталық Банктің директорлар кеңесі негізгі мөлшерлеме бойынша өз шешімін жариялайды. Ал 26 қазанда Ұлттық банктің шешімі жарияланады.

Төменде келтірілген деректерден соңғы жылдары Ұлттық Банк нақты пайыздық мөлшерлеменің теріс мәніне жол бермегені көрініп тұр. Бірақ ресейлік Орталық банк бұндай кемшіліктерге жол берген. Бұндай жағдай 2015 жылы Ресейдегі жылдық инфляция 12,9%, ал негізгі мөлшерлеме 11% болған кезде орын алды.

Қазір Ресей тағы да осы кезеңге жақындады. Ал Қазақстанның Ұлттық Банкі ақшаның нақты бағасын көтеруге тырысып жатыр. Дамыған елдермен ғана емес, көптеген дамушы елдермен де салыстырғанда да жоғары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз