Нұр-Сұлтан
Қазір
-24
Ертең
-10
USD
511
-4.57
EUR
540
-4.99
RUB
5.15
-0.02

«Денсаулық министрлігіне барлық билік берілсін» схемасынан пайда болмады

111
Дереккөзі: ekhokavkaza.com

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жұмыс берушілерге  адамдарды мүмкіндігінше «үйде жұмыс істеуге» ауыстыруды ұсынды. Жаңа карантин туралы әлі сөз болған жоқ, бірақ егер эпидемиялық жағдай нашарласа, енгізілуі мүмкін. Оған қатысты қосымша шешімдер қабылданады.

Ал экономист Айдархан Құсайынов шешім қабылдау жүйесін түбегейлі қайта қарау керек деп санайды. Соңғы алты айда Денсаулық сақтау министрлігінің айтқаны жөн болды. Бірақ басқа мүдделерді де ескеру керек, әсіресе қоғамның пікіріне көбірек құлақ асқан жөн.

Әркім өзінің мүддесін қорғайды

— Алматыда қоғам пандемияның жаңа толқыны келуі мүмкін деп, «үрейленіп» отыр. Әсіресе, алдыңғы шектеулерден зардап шеккен кәсіпкерлердің уайымы басым. Кайтадан карантин енгізілсе шығындарды барынша азайтып, аман қалу мүмкін бе?

— Бизнес және денсаулық сақтау министрлігі — бұл екі түрлі ойыншы, олардың мүдделері де қарама-қайшы болуы мүмкін. Кәсіпкер дәрігердің көзқарасы тұрғысынан сөйлей алмайды. Бекшиннің әрекеттері түсінікті. Алматының бас санитарлық дәрігері ретінде ол қалада аурудың таралу деңгейіне ғана алаңдайды, ал қалғанынына жауап бермейді. Егер мен бас дәрігер болып, ауру жұқтырғандардың артқаны үшін жазалансам, мен де бәрін жабар ма едім.  Осы тұрғысынан ойлағанда, санитарлық дәрігер (денсаулық сақтау министрлігі де) нақты әрекет етіп отыр.

Коронавирустан кейін қалай өмір сүреміз? — сарапшылар

Бизнеске, керісінше, ешқандай карантин қажет емес, өйткені олар шығынға батып отыр. Яғни, әрбір жеке адам немесе ұйым өз мүддесі үшін күресуі (көбінесе қайшылықты) —  табиғи нәрсе.

Сонымен, Үкімет пен президент ортақ мүдделерді ескере отырып, теңдестірілген шешімдер қабылдауы керек. Бірақ

соңғы алты айда бізде дәрігерлерге билік беріп, бұрмалаушылық орын алды

Мысалы,

Білім министрлігі күндізгі оқу формасына оралуды қатты талап етсе, қалғанына қол жеткізер еді. Бірақ пікірталастыруды жөн көрмегендіктен

Денсаулық сақтау министрлігінің көзқарасын қабылдадық. Бірақ неге екені белгісіз. Нәтижесінде билік мүдделер тепе-теңдігін қамтамасыз ететін ақылға қонымды орта таба алмады.

Халықтың денсаулығына қамқорлық жасау керек екені түсінікті, бірақ бұдан басқа ештеңе ойламасақ, бизнес, білім салалары құлдырап, адамдардың табысы төмендейді. Шамамен солай болды да. Басқа салалар қатты зардап шекпеуі үшін денсаулықты аздап құрбан ету керек пе еді?

Бұл жағдайда қарапайым адамдар көбірек жапа шекті. Денсаулық сақтау министрлігінің мүдделері сақталды, бизнес те мүмкіндігінше пайда көрді. Қолдау шаралары туралы Президенттің кезекті Жолдауында да айтылған. Тек қарапайым халық  қана қиындыққа тап болды. Енді мемлекеттік саясат пен мемлекеттік қолдау жүйесін қайта қарау керек.

Кімнің идеясы болса, сол жауап берсін

— Қазіргі жағдайдың қандай кемшілігі бар?

— Қазір адамдарды ешкім тыңдамайды. Халықтың лоббиі жоқ. Мысал ретінде 42 500 теңгенгі де алуға болады.

— Ең болмағанда көбірек ақша беру керек еді ойлайсыз ба?

— Ол ғана емес,  айтпақшы, мен  басынан бастап

қалалық бюджет өз идеяларын өзі қаржыландырсын деп ұсынған едім

Мәселен, Алматы басқа қалалар ашылған кезде жеке карантин енгізсе,  қалалық бюджеттен адамдарға өтемақы төлесін. Әкімдік ай сайын «халыққа қамқорлық» жасау үшін миллиардтаған қаржы керек болатынын түсінсе қандай да бір идняны ұсынар алдында тағы да ойланатын болады.

Күздегі карантин экономиканы күйретеді

Сонда дұрыс шешім қабылданады. Ал «мен денсаулыққ қамқорлық жасаймын, ақшаға республикалық бюджет жауап береді» деген кезде бәрі жақсы болмауы мүмкін.

Соңғы жарты жылда «қалай болса солай» шешім қабылдады. Дегенмен

пандемияның бірінші айында, алғашқы карантинде қабылданған шешімдер орынды болды

Кейін бәрі жүйесіз және ойланбастан жасалды. Барлығын жауып, жауапсыз шешімдер қабылданды.

Ешкім тыңдамайтын қоғамдық кеңестер не үшін қажет?

— Неге бұлай болды?

Бәрі біздің классикалық басқару тәсілімізге келіп тіреледі. Халықты ешкім тыңдамайды. Мәселен карантиндік шаралар қабылдаудың алдында ешкім қоғамдық кеңестермен кеңескен жоқ. Пандемия, бұл соғыс сияқты. Жеңіс жету үшін қоғамның бірлігі, белгілі бір әлеуметтік топтасу қажет. Бізде олардың ешқайсысы жоқ, олар адамдар маска кимейді деп шағымдануды ғана біледі.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі қазір кем дегенде 70 мың теңге болуы керек — сарапшы

Қоғамдық кеңес институты бар, онда құрметті адамдар жиналған. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, мәслихаттар да бар. Міне, осы кеңемстер жұмыс істесін. Яғни, сансыз қоғаммен өзара әрекеттесу институтын құрып, өзімізді еститін мемлекетпіз деп жариладық. Бірақ

алғашқы дағдарыс қоғаммен қалыпты байланыс жоқ екенін көрсетті, өйткені бұл институттардың бәрі жұмыс істемейді

Билік оларды қолданбаса, не үшін құрды?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз